Преснов ауданы — 1928-1997 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының құрамында болған әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы — Пресновка ауылы.
Тарихы Преснов ауданы Қызылжар (Петропавл) округінің құрамында 1928 жылы 3 қыркүйекте құрылды. Аудан орталығы Пресновское ауылы болды. 1930 жылы 17 қыркүйекте округтер таратылған соң, аудан Қазақ АКСР-інің тікелей бағынысына өтті.
1932 жылы 10 наурызда Қазақ АКСР-інде облыстардың құрылуымен Преснов ауданы Қарағанды облысының құрамына енді.
1936 жылы 29 шілдеде Преснов ауданы Солтүстік Қазақстан облысының құрамына кірді.
1986 жылы ауданда 11 ауылдық кеңес болған: Железин, Қазан, Кладбин, Макарьев, Матросов, Мирный, Новорыбин, Первомай, Петров, Преснов, Пресноредуть.Қазақ КСР. 1986 жылғы 1 қаңтарға әкімшілік-аумақтық бөлінісі
1997 жылы 23 мамырда Преснов ауданы таратылып, аумағы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының құрамына қосылды.
Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 36601 44939 45513 25484 24449
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның 1997 жылы таратылған аудандары