Әбіқұл Ибрагимов (15.5. 1937 жылы туған, Мойынқұм ауданы Ерназар ауылы) – журналист.

Өмірбаяны Қазақ мемлекет университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінде қызмет істеуден бастайды. 1958 – 1967 жылы жастар газетінде тілші, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі 1967 – 1971 жылы Шу ауданы «Шу өңірі» газетінің редакторы 1971 – 1973 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер 1973 – 1976 жылы «Жетісу» газетінде бөлім меңгерушісі. Алматы облысы радиохабарлар тарату комитетінің Бас редакторы, директоры қызметін атқарды. 1985 – 1989 жылы «Қайнар» баспасында редактор болды. Ол соңғы жылдары «Қазақ батырлары» атты жекеменшік газетін шығарып келеді. Газет бетінде қазақ халқының өткен және бүгінгі өміріне байланысты өзекті мәселелер көтеріліп отырады. Шығармалары «Нағыз қайнар» «Азамат ажары» «Ел шырайы» «Ақ пейіл» «Наз» «Жазым» атты кітаптар жазды. Тараз ЭнциклопедиясыҚазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жылҚазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Қазақ батырларына Өңір шежіресі

Санат:15 мамырда туғандар Санат:1937 жылы туғандар Санат:Мойынқұм ауданында туғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан журналистері