Манап Хасенов (1 мамыр 1915, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Бапақ ауылы – 26 қазан 1998) – филология ғылымдарының докторы (1972).

Өмірбаяны ҚазПИ-ді (1948, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Осы оқу орнында доцент (1948–1954) 1955 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан ғылым академиясының әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметтер атқарған.

Ғылыми еңбектері Ғылыми еңбектері қазақ әдебиетінің теориялық мәселелерін зерттеуге арналған. Көптеген оқулықтар мен кітаптардың: «Жазушы және өмір» (1958); «Ұнамды образ және типтендіру» (1966); «Дәуір және жазушы» (1968); «Иса Байзақовтың ақындығы мен стильдік ерекшелігі» (1976); тағы басқа) авторы.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:1 мамырда туғандар Санат:1915 жылы туғандар Санат:Бұқар жырау ауданында туғандар Санат:26 қазанда қайтыс болғандар Санат:1998 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан филологтары Санат:Филология ғылымдарының докторлары