Эллен Помпео (, 10 қараша 1969 жылы дүниеге келді) — «Құмарлық анатомиясы» телесериалында Мередит Грейдің рөлімен танымал болған американдық актриса. Ол бұл сериалда 2005 жылдан бастап түсірілуде. Әр эпизод үшін 350 мың доллар жалақы алып, Помпео телевизиядағы ең көп ақы төленетін тұлғалардың біріне айналды. 

Өмірбаяны Эллен Кэтлин Помпео Эверетт қаласында, Массачусетс штатында дүниеге келді. Ол ирландық және итальяндық ата-тектен шыққан және Римдік-католиктік шіркеудің ережесі бойынша тәрбиеленген. Оның анасы ауруды қоятын дәрілердің тым көп қолданудың кесірінен қайтыс болады. Бұл кезде Эллен төрт жаста болды және оның әкесі қайтадан үйленеді.  

1990 жылдардың басындаа ол Нью-Йорктегі барлардың бірінде бармен болып жұмыс істеп жатқан кезде өзіне агент табады. Кейін ол телевизия үшін бірнеше жарнамаларда түседі, ал 1996 жылы «Заң мен тәртіп» телесериалында түсіп, кәсіби актриса ретінде дебютке шықты. 

Мансап Табысқа жету үшін Помпео 2001 жылы Лос-Анджелеске көшеді. Бір жылдан кейін ол өзінің мансабындағы ең бірінші үлкен рөл алады – «Ай жарығының қашықтығы» кинофильмінде Джейк Джилленхолмен бірге түседі. Содан кейін ол «Жанкешті», «Ұстай алсаң, ұста» және «Ескі шынығу» фильмдерінде ойнайды. 

2004 жылы Эллен мансабындағы алғашқы басты рөлді алады. Бұл АВС арнасының «Құмарлық анатомиясы» атты сериалы еді. Бұл теелсериалда дәрігерлер, интерндер және «Сиэтл Грейс» ауруханасының басқа жұмыскерлерінің өмірі туралы айтылады. Оның тұсаукесері 2005 жылы көктемде өтеді және ол телевизия тарихындағы ең әйгілі шоулардың бірі атанады. Ол бұл рөлі үшін бірнеше беделді сый алады, соның ішінде АҚШ актерлерінің Гильдиясының сыйың алды. Сондай-ақ 2007 жылы «Драма телевизиялық сериалда таңдаулы әйел рөл» үшін «Алтын глобус» сыйына номинациялынады.  

Жеке өмірі  2007 жылдың 9 қарашасынан бастап Эллен музыкалық продюссер Крис Айверимен некеді. Ол онымен некенің алдында төрт жыл қарым-қатынаста болды. Жұбайларда үш бала бар: екі қыз, Стелла Луна Айвери (2009) және Сиенна Мэй айвери (2014 жылы суррогаттық ана арқылы дүниеге келді) және ұл, Элай Кристовер Айвери (2016).  

Фильмография Фильмдер Жыл Атауы Атауы (ағылшын) Рөлі Ескертулер19998 1/2 x 118 ½ x 11Human Resources WomanҚысқа метражды фильмЖақындаComing SoonUpset Girl2000Кезедйсоқ әйелEventual WifeBethҚысқа метражды фильм ОрманғаIn the WeedsMarthaMambo CaféStacy2002Ай жарығының қашықтығыMoonlight MileBertie KnoxҰстай алсан, ұстаCatch Me If You CanMarci2003Ескі шыңдауOld SchoolNicoleЖанкештіDaredevilKaren PageСананың шегінен тысUndermindFlynn2004Ешкім күмәнсіз емесNobody ' s PerfectVeronicaҚысқа метражды фильмСурет ұрлықшыларыArt HeistSandra WalkerТаза естің жарқырауыEternal Sunshine of the Spotless MindNaomi2005Кешкі өмірLife of the PartyPhoebe Elgin

Телевизия Жыл Атауы  Атауы (ағылшын) Рөлі Ескертпелер1996Заң және тәртіпLaw & OrderJenna Weber1 episode1999Бейтаныс пен кәмпитStrangers With CandyLizzie Abrams1 episode2000Заң және тәртіпLaw & OrderLaura Kendrick1 episodeНақтыGet RealNina Adler1 episode2001ЖұмысThe JobSue1 episodeҚатты дәрі-дәрмекStrong MedicineQuincy Dunne1 episode2004ДостарFriendsМисси Голдберг1 episode2005 — қаз. уақытыAnatomyGrey ' s AnatomyМередит Грей

Сілтемелер (ағыл.) Internet Movie Database сайтында

Санат:10 қарашада туғандар Санат:Массачусетсте туғандар