Таскен — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, Тассай ауылдық округінің құрамында болған. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген.Жекелеген елдi мекендерді есептi деректерден шығару туралы Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы тұрғын үй массиві.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км жерде орналасқан.

Халқы Тұрғыны: 2,3 мың адам (2005); 4,4 мың адам (2009).

Тарихы Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдарында ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланып, кейінірек іріленіп, іргелі шаруашылыққа айналды. Ауыл 2001 жылға дейін Калинин ауылы аталып келді. Ұжымшар негізінде Таскенде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.

Дереккөздер

Санат:Сайрам ауданының таратылған елді мекендері