Еміл Сабырұлы Айтқожин (30.5.1933, Алматы қаласы) – ғалым, техника ғылымдарының докторы (1993). Өмірбаяны Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан.
Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1959). 1959–97 ж. Қазақстан ғылым академиясының Ядролық физика инcтитутында, Физика-техника институтында аға лаборант, инженер, кіші және аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер болды. 1997 жылдан ҚР Ұлттық ядролық орталықтың Ядролық физика институтында бас ғылыми қызметкер. Негізгі ғылыми-зерттеулері радиациялық физика мен радиациялық материалтану саласына арналған. Оның басқаруымен ВВР-К атом реакторында металдардың сырғуын сынауға арналған тәжірибелік база құрылып, құралымдық қорытпалар мен таза металдардың сырғымалылығы зерттелді. Сондай-ақ таза металдардың (уран, мыс, алюминий) радиациялық сырғу құбылысының негізгі заңдылықтарын ашты. Айтқожинның еңбектері көптеген Халықаралық ғылыми конференцияларда тыңдалып, жоғары баға алды. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978).Қазақ энциклопедиясы
Ішкі сілтемелер Уран (химиялық элемент) Мұрат Әбенұлы Айтхожина Айтхожина Марфуға Нағима Әбенқызы Айтхожина
Сыртқы сілтемелер Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Реактор ВВР-К
Дереккөздер
Санат:Алматыда туғандар Санат:1933 жылы туғандар Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері