Бекболат Болатжанұлы Құрманғожаев (1954 жылы Алматы облысы Талғар ауданында туған) — театр режиссері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014). Астана жастар театрының қоюшы - режиссері.

Толығырақ Бекболат Болатжанұлы 1954 жылы Алматы облысы Талғар ауданында дүниеге келген. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын театр және кино актері мамандығы бойынша бітірген. Б. Бейшаналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік өнер институтының театр режиссері мамандығы бойынша бітірген. 1975 - 1979 жылдары Алматы жас балет театрында алғашқы еңбек жолын бастаған. 1979 - 1993 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында. 1996 - 2004 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында проректор, кафедра меңгерушісі, факультет деканы қызыметтерін атқарды. 2004 - 2009 жылдары Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының бас режиссері Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтың орынбасары қызыметін атқарған. 2004 жылдан Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушы. Қазіргі таңда Астана жастар театрының қоюшы - режиссері. 2014 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған.

Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері Санат:Қазақстан театр режиссёрлері Санат:Қазақ ұлттық өнер университеті оқытушылары Санат:Астана жастар театры тұлғалары Санат:Қазақстан театр актерлері