iPhone 8 және iPhone 8 Plus Apple компаниясы жобаланған, әзірленген және сатылатын смартфондар.  2017 жылы 12 қыркүйекте, iPhone X-пен қатар, Стив Джобстың театрында Apple Park кампусында Apple бас директоры Тим Кук жариялаған, iPhone 7 мен iPhone 7 Plus-ті ауыстырды. Олар 2017 жылы 22 қыркүйектен сатылымға шығарылу жоспарлануда.

IPhone 8 ерекшеліктері Qi стандартындағы сымсыз зарядтау және толығымен суға төзімді.

Ерекшеліктер Алғашқы екі құрылғының iPhone 7-ден айырмашылығы көп емес - жаңа "темір", шыны корпус және сымсыз қуаттағышы бар. Айта кетейік, iPhone 8 бен 8 Plus құрылғыларына A11 Bionic жаңа процессоры орнатылған. Смартфон 22 қыркүйектен бастап сатылымға түседі.

Екі құрылғы да 64 ГБ және 256 ГБ нұсқаларында дайындалады. Үш түсті нұсқасы бар: күміс түстес, алтын және сұр (Space Gray).

Жаңа "айфондардың" сымсыз қуатты функциясы болады.

Жаңа iPhone-мен қатар, LTE-модулі бар Apple Watch жаңа сағаты, 4К және HDR фроматында видео көрсете алатын Apple TV таныстырылды.

Дереккөздер

Санат:Apple iOS Санат:IPhone