Құралбек Ордабаев Досжанұлы (6 тамыз 1949 жыл Шымкент қаласында ) – КСРО-лық футболшы, қақпашы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1984).

Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. Карьерасы «Металлург» футбол мектебінің түлегі (Шымкент). «Қайрат» футбол командасының құрамында КСР чемпионатында 185 ойынға қатысты. 1971 жылғы Халықар. теміржолшылар одағы жарысының кубогы иегері. 20 ғасырдың 70-жылдарындағы еліміздің ең үздік қақпашысы. «Қайрат» командасының бастығы, вице президенті (1992 – 95), Қазақстан футбол ассоциациясының президенті (1996 – 2000). 2002 жылдан «Қайрат» футбол клубының президенті.

Жетістіктері

Клубтық

ХТСО кубогы: 1971

Жеке 1972 жылы КСРО чемпионатындағы "Жаңа есім" номинациясына ие болды.

Сілтемелер "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"

Санат:Тұлғалар Санат:КСРО футболшылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Жігер ФК ойыншылары