Кенжәлі, Кенжалы — Ақтөбе облысы Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол стансасы. 2021 жылға дейін Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылдық округі құрамында болған.Ақтөбе облысы Темір және Байғанин аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
Географиялық орны Аудан орталығы - Шұбарқұдық кентінен оңтүстік-батысқа қарай 29 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 146 адам (74 ер адам және 72 әйел адам) болса, 2009 жылы 175 адамды (95 ер адам және 80 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 68 адамды (51 ер адам және 17 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Байғанин ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері