Өтелмеген парыз — 1983 жылы Төлен Әбдіковтың "Ер Сейіт пен қыз Бәтес" прозасының желісімен түсірілген "Қазақфильм" туындысы. Режиссер Серік Жармұхаммедовтың фильмі. Сценариін жазған: Сымағұл Елубаев.

Мазмұны Жалғызы Сұлтан көлік оқиғасынан қайтыс болғаннан кейін кіндігін жалғастыратын ұрпағы қалмаған Қожабек қария өмірден баз кешіп, жан күйзелісіне ұшырайды. Алайда қаладан келген өсек-аян Сұлтанның некесіз бір ұлы барын жеткізеді. Жалғызының бойына бала кезден адамгершілік, адалдық сынды қағидаларды сіңіріп өсірген ақсақал үшін бұл жаңалық төбесінен жай түскендей болды. Шаңырақтың отын тұтатар немере бар екенін және ұлының өнегесіздік танытып балалы әйелді тастап кеткенін ойлаған ол не қуанарын, не Сұлтанға лағынет айтарын білмей, мәселенің ақ-қарасын ажырату үшін қалаға баруды ұйғарады.

Алып шахарда Қожабек қарияны өзі білмеген тосын әңгімелер күтіп тұрған еді. Нұрлан ақсақалды бір кезде Сұлтанның сүйіктісі болған қыз — Саяның үйіне ертіп барады. Немересі бар екенін білген ақсақал сол сәбидің алдында Сұлтанның өтей алмай кеткен парызын өз мойнына алмақ болады, бірақ Саяның анасы ақсақалды немересіне жолатпайды. Солайша ақсақалдың әрекеті сәтсіз аяқталады.

Рөлдерде Әнуар Молдабеков — ҚожабекДосхан Жолжақсынов — НұрланӘсия Мұратбаева — БануЖамбыл Құдайбергенов — СұлтанГүлнара Досматова — СаяМеруерт Өтекешова — Саяның анасыНағима Есқалиева — РаушанКүләй Мұратәлиева — Айша Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Тамашалау

Санат:Қазақстан фильмдері Санат:Қазақтелефильм фильмдері Санат:Қазақфильм фильмдері