Босния және Герцеговина Ұлттық футбол құрама командасы — 1993 жылдан бері осы аттас мемлекеттің атынан Халықаралық футбол жарыстарында сынға түсіп жүрген ұлттық құрама. Басқарушы ұйым — Босния және Герцеговина футбол одағы. Тарихы 1990 жылдарға дейін мықты футболшылары Югославия сапында ойнаған. Әр жылдары Вахид Халилходжич, Сафет Сушич, Иосип Каталинский, Фарук Хаджибегич, Ивица Осим, Асим Ферхатович, Блаж Слишкович, Мехмед Баждаревич, Душан Баевич секілді футболшылары жарқырап өнер көрсетіп жатты. 1990 жылдары Югославия тараған соң орнында бірнеше мемлекет пайда болды да, солардың бірі Босния және Герцеговина тәуелсіздік алды. Бірақ соғыстан көз ашпағандықтан, 1993 жылға дейін құрама мүлдем ойын өткізген жоқ. Алғашқы кездесуін 1993 жылы Иранға қарсы өткізіп, 3:1 есебімен ұтты. Бір қызығы, 2014 жылы осы екі құрама Бразилияда өткен әлем чемпионатында бір топқа түсіп, Босния және герцеговиналықтар тағы да Иранды дәл сол есеппен ұтты.

Құраманың алғаш қатысқан ірі халықаралық жарысы — 2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионаты. Аргентина, Нигерия, Иран құрамаларымне бір топқа түсті. Әуелі Аргентинамен ойнап, 1:2 есебімен ұтылып қалды. Бірінші таймда қорғаушы Колашинац өз қақпасына соғып алды да, екінші таймда Лионель Месси есепті еселеді. Ойын соңына таман Ведад Ибишевич есепті қысқартты — 1:2. Келесі турда күтпеген жерде Нигериядан ұтылды — 0:1. Осылайша үшінші турға жетпей-ақ 1/8 финалдан үмітін үзді. Тек соңғы турда ғана чемпионаттағы жалғыз жеңісін тойлады, Иранды 3:1 есебімен ұтты.

Көп ойын өткізгендер #ФутболшыҚұрамадағы уақытыОйынГол1Эмир Спахич2003–8832Звездан Мисимович2004–201484253Эдин Джеко2007–79464Ведад Ибишевич2007–73255Миралем Пьянич2008–67116Элвир Болич1996–200851227Асмир Бегович2009–4908Сенад Лулич2008–4829Харис Медунянин2009–48710Сергей Барбарез1998–20064817

Мергендер #ФутболшыҚұрамадағы уақытыГолОйын1Эдин Джеко2007–46782Звездан Мисимович2004–201425843Ведад Ибишевич2007–25734Элвир Болич1996–200622515Сергей Барбарез1998–200617486Элвир Балич1996–200514387Златан Муслимович2006–201112308Миралем Пьянич2008–11679Харис Медунянин2009–74810Хасан Салихамиджич1996–2006644 Бапкерлері Босния және Герцеговина футбол одағы (1993—1995) Фуад Музурович (1995—1998) Джемалудин Мушович (1998—1999) Фарук Хаджибегич (1999) Мишо Смайлович (1999—2002) Блаж Слишкович (2002—2006) Фуад Музурович (2006—2008) Мехо Кодро (2008) Мирослав Блажевич (2008—2009) Сафет Сушич (2010—2014) Мехмет Баждаревич (2014—2017) Дереккөздер

Санат:Босния және Герцеговина Ұлттық футбол құрамасы