Жақсылық Мұқашұлы Омар (28 қыркүйек 1980, Үшарал, Алакөл ауданы, Талдықорған облысы, Қазақ КСР) — мемлекеттік қайраткер, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2013-2016), Алматы облысы әкімінің орынбасары (2016-2018), Өскемен қаласының әкімі (2018-2024).

Өмірбаяны Білімі: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (2001), Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті (2010).

Еңбек өтілі:

2001-2005 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жетекші маманы, бас маманы.

2007-2009 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің маманы.

2007-2009 - "Қазақстан" РТРК" АҚ "Астана" ТРК дирекциясы директорының орынбасары, "Арнамедиа" Ұлттық ақпараттық холдинг» АҚ бас менеджері.

2009-2010 - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі.

2010-2011 - Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.

2011-2013 - Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы.

2013-2016 - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2016-2018 - Алматы облысы әкімінің орынбасары.

2018 жылдың 20 тамызынан 2024 жылдың 27 қарашасына дейін — Өскемен қаласының әкімі болды.

2024 жылдың 11 желтоқсанынан 2025 жылдың 7 сәуіріне дейін — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

2025 жылдың 7 сәуірінен бастап — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

2026 жылдың наурыз айында Жақсылық Омардың алаяқтық және пара алу (ҚР Қылмыстық кодексінің 190 және 366-баптары) бойынша соты басталды. Сот оны кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен, мемлекеттік қызметте болу құқығынан айырумен және орташа қауіпсіздіктегі мекемеде жазасын өтеумен алты жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Марапаттар "Құрмет" ордені (12.2017) "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалі (12.2011). "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалі (12.2016). "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісі (08.2012). "Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін" (07.2015).

Дереккөздер

Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Астана медалінің иегерлері Санат:Өскемен әкімдері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері