Бірік ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Әжібай, Қызылту, Саралжын ауылдары кіреді. Орталығы – Әжібай ауылы.

Білім беру Білім беру мақсатында Бірік ауылдық округінде 1 орта жалпы білім беретін мектебі бар. Бірік ОЖББ мектеп ғимараты типтік жобамен 2004 жылы салынған. Бірік орта жалпы білім беретін мектепте 2019-2020 жылғы оқу жылында 210 оқушы қабылданды.

Денсаулық саласы Округ орталығында 1 ауылдық фельдшерлік акушерлік пункт және Саралжын ауылында 1 медпункт жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылық 2019 жылғы есеп бойынша округте - ірі қара 4452 бас, былтырғы жылы 3775 бас, (9,4 %) - қой-ешкі 11450 бас, былтырғы жылы 11000 бас, (4%) - жылқы 2157, былтырғы жылы 1795 (16,2 %) өсіп отыр. - түйе 4

Шағын кәсіпкерлік Округтегі шағын кәсіпкерліктің дамуы жөнінде айтар болсақ, қазіргі уақытта округте 29 шаруа қожалығы және 3 кәсіпкер патенттік жүйемен жұмыс істеп, тұрғындарды азық-түлікпен және тұрмыста қажетті заттармен қамтамасыз етуде. 2017 жылы іске қосылған «Мирас» тойханасы қазіргі уақытта жұмысын жасап халыққа қызмет көрсетуде.https://www.kaztalov-bko-gov.kz/kz/audan-akim/98564452/2592-%D0%B1%D1%96%D1%80%D1%96%D0%BA-%D0%B0%D1%83%D1%8B%D0%BB%D0%B4%D1%8B%D2%9B-%D0%BE%D0%BA%D1%80%D1%83%D0%B3%D1%96-%D3%99%D0%BA%D1%96%D0%BC%D1%96-%D0%B1-%D0%B1%D0%B0%D0%B9%D0%B3%D1%83%D0%BD%D0%B0%D2%9B%D0%BE%D0%B2%D1%82%D1%8B%D2%A3-%D0%B1%D0%B0%D1%8F%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D0%BC%D0%B0-%D0%B6%D0%B5%D0%BB%D1%96%D1%81%D1%96.html

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1029 адамды (530 ер адам және 499 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Казталов ауданы ауылдық округтері