Алмалы (2010 ж. дейін — КировоБатыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендері мен ауылдық округтерінің атауларын өзгерту туралы) — Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы, Қазақстан ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Тасқала ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 31 км-дей жерде, 1-ші Шежін өзенінің жағасында орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 125 адам (61 ер адам және 64 әйел адам) болса, 2009 жылы 57 адамды (30 ер адам және 27 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 37 адамды (21 ер адам және 16 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Тасқала ауданы елді мекендері Санат:Жайық казак әскерінің тарихи елді мекендері