thumb|right|200px|Вопросы филосфии, 1992 ж. №7 Вопросы философии — бұрынғы КСРО ҒА Философия институтының ғылыми журналы. 1947 жылдан ай сайын шыға бастаған.
Көлемі 16,7 б. т. 1959 жылдан журнал мақалаларының қысқаша мазмұны ағылшын тілінде беріле бастады. Журналдың 1952 жылғы 5-саныңда С. И. Михайловтың «19 ғасырдағы Ресей халықтарының қоғамдық озық ойының қалыптасу жолындағы қазақ революцияшыл-демократтары идеологиясының ролі туралы», 1980 жылғы 8 санында О. А. Сегізбаевтың «Қазақ ағартушылығының заңдылықтары мен ерекшеліктері» деген ғылыми мақалалары жарияланды. Бұл мақалаларда Қазақстанда қоғамдық ойдың қалыптасу барысындағы Абайдың қоғамдық, шығармашылық қызметі жан-жақты сөз болады.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Дереккөздер
Санат:Орыс тілді журналдар Санат:1947 жылы шыға бастаған басылымдар Санат:Философиялық журналдар Санат:КСРО ғылыми журналдары Санат:Ресей білім және ғылым министрлігі ЖАК журналдары Санат:Ресей ғылым академиясының журналдары