«Боруссия» Менхенгладбах — Германия футбол клубы, Менхенгладбах қаласынан. Германияның бес дүркін чемпионы. Атауы әйгілі "Пруссия" сөзінен шыққан.

Тарихы Команданың құрылғанына бір ғасырдан асты. Алғашқы табысына 1912 жылы қол жеткізді. А класында жеңіске жетіп, елдегі ең жоғары дивизионда ойнауға жолдама алды. Ол кезде жоғары дивизион Нидеррайн Фербандслигасы деп аталатын.

Команда 1919 жылы "Германия-1889" клубымен біріктірілді. Атауы сол себепті "ВФТуР 1889 М Гладбах" боп өзгерді. Көп ұзамай "Боруссия" М қайтадан бөлінді.

Команда өзінің алтын дәуірін 1970 жылдары бастан өткерді. 1964-75 жж аралығында клубты Хеннес Вайсслер жаттықтырып, елдегі белді клуб - "Баварияға" басты бәсекелес бола алды. 1969/70, 1970/71, 1974/75 жылдары Германияның чемпионы атана алғаны осыған дәлел. Вайсслерден соң команданың тізгінін Удо Латтек ұстап, 1975/75, 1976/77 жылдары "Боруссия" қатарынан екі маусым Германия чемпионатында топ жарды. 1977 жылы Чемпиондар Кубогының финалына шығып, Англияның "Ливерпуль" клубынан 1:3 есебімен ұтылып қалды. Ал, 1975, 1979 жылдары УЕФА кубогын жеңіп алды.

Содан кейін команда бұлай дәуірлей алмады. Тек 1995 жылы Германия кубогын жеңіп алды. Ал, 2016/17 маусымында Германия чемпионатында тоғызыншы орында қалды.

Жетістіктері Германия чемпионы - 1969/70, 1970/71, 1974/75, 1975/76, 1976/77 Күміс жүлдегер - 1973/74, 1977/78 Германия кубогы - 1960, 1973, 1995 Германия Суперкубогы - 1977 УЕФА кубогы - 1975, 1979 Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Клубтың ресми сайты

Санат:Германия футбол клубтары Санат:Боруссия Менхенгладбах ФК