Томас Тейе Партей (ағыл.. Thomas Teye Partey; 13 маусым 1993) — ганалық футболшы, «Арсенал» клубының жартылай қорғаушысы. Гана Ұлттық футбол құрамасының ойыншысы.

Мансабы Клубтық мансабы Томас Ганадағы Одумасе-Кромо елді мекенінде дүниеге келген. Жергілікті "Одомета" клубының тәрбиеленушісі. 1991 жылы "Атлетико Мадридпен" келісім шарт жасасты да, қосалқы құрамның қатарын толықтырды. Кейін "Мальорка" және "Альмерия" клубтарына жалға беріліп, 2015 жылы 28 қарашада ғана мадридтіктер сапында негізгі құрамда ("Эспаньолмен ойында) алаңға шықты. 2016 жылы 2 қаңтар күні "Левантенің" қақпасына клубтағы алғашқы ресми голын соқты.

2020 жылы "Арсеналға" ауысты.

Ұлттық құрамада Гана құрамасына алғаш рет 2016 жылы шақырту алды. Әзірше 15 ойын өткізіп, 5 гол соқты. Бес голдың төртеуін ӘЧ-2018 іріктеуінде Конго құрамасының қақпасына (2017 жылы 1 және 5 қыркүйекте) енгізді.

Жетістіктері УЕФА Чемпиондар Лигасының финалисі: 2016 УЕФА Еуропа Лигасы: 2018 УЕФА Суперкубоғы: 2018

Сілтемелер Ойыншының профилі

Санат:Гана футболшылары Санат:Гана Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Атлетико Мадрид ФК ойыншылары Санат:13 маусымда туғандар Санат:Альмерия ФК ойыншылары Санат:Мальорка ФК ойыншылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары