Олар әлемді біріктірді (англ. United Passions) — режиссер Фредерик Обертен түсірген француз фильмі. Тұсаукесері 2014 жылы 18 мамырда болды.
Мазмұны
Фильм оқиғалары 1992-2004 жылдарды қамтиды.
1904 жылы Парижде түрлі мемлекеттен жиналған энтузиастар дүниежүзі халқын біріктіретін әлемдік футбол ұйымын құру идеясын іске асырады. Оны қысқартып айтқанда, ФИФА деп атайды.
Ол кезде ФИФА-ның шынымен әлемдік деңгейдегі ірі ұйымға айналып кететініне сеніммен қарағандар тіпті аз болады. Бірақ аяққа тұрып кетуі үшін барын, тіпті өздерін де аямаған тарихи тұлғалар ФИФА-ны ақыр соңында әлемдегі ең ірі, абыройлы ұйымға айналдырады. Осы мақсатта жұмыс істеген Жюль Риме, Жоао Авеланж, Йозеф Блаттер секілді марғасқалардың өмірінен үзік-үзік болса да картиналар көрсетіледі. Олар қызмет жолында сатқындықты да, дұшпандықты да бастан кешіреді.
Рөлдерде Тим Рот — Йозеф Блаттер Сэм Нилл — Жоао Авеланж Томас Кречман — Хорст Дасслер Фишер Стивенс — Карл Хиршман Жерар Депардьё — Жюль Риме Джейсон Бэрри — Эдгар Уилсон Джемайма Уэст — Аннет Риме Мартин Джарвис — Стэнли Роуз Энтони Хиггинс — Лорд Киннейрд Серж Хазанавичус — Робер Герен
Басқа да фактілер Фильмді түсіруге 27 миллион АҚШ доллары жұмсалдыhttp://itar-tass.com/sport/1490100. Бірақ түсімі тым аз, шығынның жүзден бір бөлігін де өтемеді. Сол себепті тарихтағы ең нашар фильмдердің қатарын толықтырды. АҚШ кинотеатрларында көрерменді мүлдем жинай алмады. Бар-жоғы 918 долларды ғана құрадыhttp://www.hollywoodreporter.com/news/box-office-fifa-movie-united-801434. Сол себепті де бір көрсетілімнен соң-ақ жарнамасы тоқтады. Дереккөздер
Санат:2014 жылғы фильмдер Санат:Футбол жайлы фильмдер Санат:Франция драма-фильмдері