8 Март бөлімшесі — Павлодар облысы Май ауданы, Қаратерек ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылды.
Географиялық орны Аудан орталығы — Көктөбе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 65 км-дей жерде, Ертіс өзенінің сол жағасында.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 242 адам (123 ер адам және 119 әйел адам) болса, 2009 жылы 72 адамды (34 ер адам және 38 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Май ауданының таратылған елді мекендері