Айдың толық тұтылуы 27 шілде 2018 Солтүстік эклиптика Тұтылу процесі Толық 1:42:57 Жартылай 3:54:32 Барлығы 6:13:48Контактілер (Алматы уақытымен)Алғашқы контакт 23:14:49Айдың қараңғылыққа толық енуі 01:30:15 Кульминация 02:21:44Айдың қараңғылықтан шыға бастауы 03:13:12Айдың қараңғылықтан толық шығуы, құбылыстың аяқталуы 05:28:37 2018 жылғы 27 шілдеден 28-не қараған түнгі Айдың тұтылуы — 2011 жылғы 15 шілдеден кейінгі тұңғыш рет айдың орталық аумақтағы толық тұтылу құбылысы. Толық тұтылуы Алматы уақытымен (+6) 28 шілде күні 02:21-де көрінді.
Жердің түрлі нүктелерінде Құбылыс Шығыс және Орталық Африка, Орта Азия, Антарктидада 100 пайыз байқалды. Оңтүстік Америка, Батыс Африка, Еуропадағылар құбылысты Ай шығыстан шығып келе жатқанда көре алады, ал Шығыс Азия мен Аустралия керісінше, таңға жақын ай батып бара жатқанда көре алады. Солтүстік Америкада мүлдем көрінбейді.
Ал Қазақстан аумағында құбылыс толық көрінді.
Басқа да құбылыстар Ай тұтылған сәтте Қызыл жұлдыз да аспанның сол тұсына жақын өтеді деп болжанған. Мұндай сәйкестіктер сиректеу болады, 15-17 жылда бір келеді. Ал айдың ұзақ тұтылуымен бір сәтте жақын тұруы тек 25 мың жылда ғана бір қайталанадыhttp://tass.ru/kosmos/5405760.
Бұдан кейінгі тұтылу Бұған дейін толық тұтылу 2018 жылы 31 қаңтарда болған. Келесу тұтылу 2019 жылы 21 қаңтарда болды.
Дереккөздер
Сілтемелер Fred Espenak (NASA/GSFC)
Санат:Айдың тұтылуы Санат:2018 жыл оқиғалары Санат:27 шілде оқиғалары