Диевка, Мырзакөл — Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы ауыл, Диев ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Әулиекөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 52 км жерде, өзімен аттас көлдің шығысында орналасқан.
Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 2079 адам болса, 2009 жылы 2018 адамды құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Ауыл 2001 жылға дейін Диевка деп аталып келген. Іргесі 1942 жылы қаланған. 1942-1996 жылаоы өзімен аттас астық өсіретін кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде Мырзакөлде және округке қарасты Қоскөл, Үшқарасу ауылдарында бірнеше ЖШС-тер мен шаруа қожалықтары құрылған.
Дереккөздер
Санат:Әулиекөл ауданы елді мекендері