Дженнаро Иван Гаттузо (; 9 қаңтар 1978 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/5813, Корильяно-Калабро, Калабрия, Италия) — италиялық футболшы, жартылай қорғаушы, қазір бапкер.

Мансабы "Перуджа" футбол клубының түлегі. Кейін "Рейнджерс" клубында да доп тепті. Дегенмен оның бағы "Миланда" ашылды. "Миланда" 13 маусым ойнап, екі рет Чемпиондар Лигасы мен УЕФА Суперкубогын ұтып алды. 2007 жылы Құрлықаралық кубоктың иесі атанды.

2012 жылы "Сьон" клубына ауысты да, 2013 жылы осы клубтың бас жаттықтырушысы боп тағайындалды. Бірақ нәтижелері көңілдегідей болмай, ол қызметтен босады.

Бапкерлік мансабында "Палермо", "Пиза", ОФИ командаларын жаттықтырып, 2017 жылы жазда "Милан" командасының бас бапкері боп бекітілді.

Ұлттық құрамада 2000-10 жылдары ойнады. 2006 жылы әлем чемпионы атанды.

Жетістіктері

Ойыншы ретінде «Милан»

Италия чемпионы (2): 2003/04, 2010/11 Италия кубогы: 2003 Италия суперкубогы (2): 2004, 2011 Чемпиондар лигасы (2): 2003, 2007 УЕФА суперкубогы (2): 2003, 2007 Клубтар арсындағы әлем чемпионы: 2007

Гаэтано Ширеа сыйлығының иегері (2012)

Ұлттық құрама

Еуропа чемпионы (21 жасқа дейін): 2000 Әлем чемпионы: 2006

Қатысқан турнирлері

Жастар арасындағы Еуропа чемпионаты: 2000 Әлем чемпионаты: 2002, 2006, 2010 Еуропа чемпионаты: 2004, 2008 Конфедерациялар кубогы: 2009

Жеке өмірі Әйелі Моника шотландиялық, бірақ ұлты италиялық. Онымен 1998 жылы "Рейнджерсте" ойнап жүргенде танысқан. Габриелла атты қызы мен Франческо атты ұлы бар. Дереккөздер

Сілтемелер Статья на сайте Чемпионат.ру Статистикасы Биография және статистика Гаттузо жайлы жаңалықтар

Санат:Италия футболшылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Перуджа ФК ойыншылары Санат:Рейнджерс ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Сьон ФК ойыншылары Санат:Милан ФК жаттықтырушылары Санат:Наполи ФК жаттықтырушылары