Даниеле Де Росси (; 24 шілде 1983 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/5947, Рим) — италиялық футболшы, жартылай қорғаушы. 2006 жылғы әлем чемпионы. 2012 жылғы Еуропа чемпионатының вице чемпионы.
Карьерасы
Клубтық 2000 жылдан бері "Рома" сапында ешқайда ауыспай ойнап келді.
"Романың" бұрынғы ойыншысы Альберто де Россидің ұлы. "Остиамере" футбол клубының мектебінен өткен. 2000 жылы 17 жасында "Рома" сапына келіп қосылды.
2001 жылы 30 қазан күні Чемпиондар Лигасының топтық турниріндегі "Андерлехтпен" ойында матч барысында алаңға қосылды. 2003 жылы қаңтарда А сериясындағы алғашқы ойынын өткізді.
2012 жылы 9 желтоқсанда "Рома" сапындағы 400-ші ойынын өткізді.
2019 жылы шілдеде "Бока Хуниорспен" бір жылдық келісім шарт жасасты.
Ұлттық құрамада 2004 жылы Италия Олимпиадалық құрамасымен бірге жазғы Олимпиада ойындарына қатысты. Олимпиададан кейін бірден негізгі құрамадағы дебют ойынын өткізді. 4 қыркүйек күні Норвегиямен қарсы ойында бірінші рет алаңға шықты. Алғашқы голын 30 наурыз күні жолдастық ойында Исландияның қақпасына енгізді.
Қатысқан турнирлері
Жазғы Олимпиада ойындары: 2004 Әлем чемпионаттары: 2006, 2010, 2014 Еуропа чемпионаттары: 2008, 2012, 2016 Конфедерациялар кубогы: 2009, 2013
Жетістіктері
Командалық Рома
Италия кубогы (2): 2006/07, 2007/08 Италия суперкубогы: 2007
Ұлттық құрама
Әлем чемпионы: 2006 Еуропаның вице-чемпионы: 2012 Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері: 2013
Жеке
Италияның үздік жас футболшысы: 2006 Италияның үздік футболшысы: 2009
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Профилі
Санат:Италия футболшылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бока Хуниорс ФК ойыншылары Санат:Италия футбол жаттықтырушылары Санат:2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері