Реза Гучаннеджад (, 20 қыркүйек 1987 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/39522) — ирандық және нидерландылық футболшы, шабуылшы. Иран Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы.

Карьерасы Иранда дүниеге келген, бірақ сегіз жасында ата-анасы Нидерландыға көшіп өтті. Сол себепті де Нидерланд футболының түлегі саналады. Тіпті Нидерландының бірнеше жастар құрамасында ойнады да. Бірақ негізгі құрамадан шақыру келмей, 2012 жылы ақыры өзінің тарихи отанының намысын қорғауға шешім қабылдады.

2014 жылғы әлем чемпионатына қатысқан. Топтық турнирдің соңғы матчында Босния және Герцеговинаның қақпасына бір гол соқты. Бұл кездесуде Иран 1:3 есебімен ұтылып қалды.

Карьерасында Нидерландының, Бельгияның, Англияның, Катардың, Кувейттің клубтарында доп тепті. 2018 жылы жазда туған клубы "Херенвенмен" келісім шарт мерзімі аяқталды да, клубсыз қалды.

Қатысқан турнирлері

2014 — Әлем чемпионаты 2015 — Азия кубогы 2018 — Әлем чемпионаты Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Санат:Иран футболшылары Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Херенвен ФК ойыншылары Санат:Стандарт Льеж ФК ойыншылары Санат:Иран Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Әл-Кувейт ФК ойыншылары Санат:Сент-Трюйден ФК ойыншылары Санат:Чарльтон Атлетик ФК ойыншылары