Денилсон де Оливейра Араужо (; 24 тамыз 1977 жыл, Сан-Паулу) — бразилиялық футболшы, шабуылшы. Мансабы Ұлттық құрамада 1996-2003 жылдары Бразилия ұлттық футбол құрамасында ойнаған. 2002 жылғы әлем чемпионы, 1998 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
2003 жылы ақпан айында Қытаймен жолдастық кездесуде ұлттық құрамадағы соңғы ойынын өткізді. Сколари құрама бапкерлігінен кеткен соң оны ешкім қайтадан құрамаға шақырған жоқ.
Жетістіктері
Клубтық
Сан-Паулу штатының чемпионы: 1998, 2008 КОНМЕБОЛ кубогы: 1994 Испания кубогы: 2004/05 АҚШ кубогының финалисі: 2007
Ұлттық құрама
Екі әлем чемпионатына қатысты: 1998, 2002 Әлем чемпионы: 2002 Әлемнің вице-чемпионы: 1998 Америка чемпионы: 1997 Конфедерациялар кубогының жеңімпазы 1997
Жеке
Конфедерациялар кубогының үздік ойыншысы: 1997 Қатысқан турнирлері Конфедерациялар кубогы: 1997 Америка кубогы: 1997, 2001 Әлем чемпионаттары: 1998, 2002 КОНКАКАФ Алтын кубогы: 1998 Сілтемелер Профилі Статистикасы Санат:Бразилия футболшылары Санат:Сан-Паулу ФК ойыншылары Санат:Реал Бетис ФК ойыншылары Санат:Фламенго ФК ойыншылары Санат:Даллас ФК ойыншылары Санат:Бордо ФК ойыншылары Санат:Палмейрас ФК ойыншылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары