Давид Хосуэ Хименес Сильва (; 8 қаңтар 1986 жыл, Аргинегин, Канар аралдарыhttp://www.dailymail.co.uk/sport/football/article-1290896/Manchester-City-new-boy-David-Silva-Prada-wearing-machete-fighter-started-life-goal.html) — испаниялық футболшы, жартылай қорғаушы. 2010 жылғы әлем чемпионы. 2008, 2012 жылғы Еуропа чемпионы.

Футболшы жайлы фактілер

Давидтің әкесі Фернандо Хименес әуесқой футболшы болған. Ал Давидтің өзі бала кезінде қақпашы болыпты. Кумирі — дат футболшысы Микаэль Лаудруп. 2004-2010 жылдары "Валенсияда" ойнады. Алғашқы жылдары тек қосалқы құрамда қалып, 2006 жылы командадан Хавьер Савьола кеткен соң негізгі құрамға толық орналасты. Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 2006 жылы қараша айында өткізді. 2018 жылға дейін Испания қатысқан ірі турнирлердің бәріне барды. 2018 жылғы әлем чемпионатынан соң құрамадағы карьерасын аяқтады.

Жетістіктері Командалық:

Валенсия

Испания кубогы: 2007/08

Манчестер Сити

Англия чемпионы (3): 2011/12, 2013/14, 2017/18, 2018/19 Англия кубогы: 2010/11, 2018/19 Англия суперкубогы: 2012 2018 Лига кубогы (3): 2013/14, 2015/16, 2017/18, 2018/19

Испания құрамасы

Еуропа чемпионы (2): 2008, 2012 Әлем чемпионы: 2010

Дереккөздер

Сілтемелер Ресми сайты Профиль

Санат:Испания футболшыларыСанат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары Санат:Эйбар ФК ойыншылары Санат:Сельта ФК ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншыларыСанат:Реал Сосьедад ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары