Антонио Рукавина (серб. Антонио Рукавина / Antonio Rukavina; 26 қаңтар 1984, Белград, Югославия) — серб футболшысы, қорғаушы.

Карьерасы

Клубтық "Бежания" клубының түлегі. Осы клубтың жастар командасында ойнап, негізгі құрамға 2002 жылы ілінді. 2006 жылға дейін 150-ге тарта матчта алаңға шығып, 26 гол соқты. 2007 жылы "Партизан" клубына ауысып, алғашқы маусымда-ақ Сербияның вице-чемпионы атанды.

2008 жылы қыста Дортмундтың "Боруссия" клубына қосылды. Бұл командадағы алғашқы ойынын 29 қаңтар күні "Вердерге" қарсы кубоктық ойында өткізді. 2009 жылы "Мюнхен-1860" клубына ауысып, үш жылдай өнер көрсетті. Одан соң Испанияның "Вальядолид", "Вильярреал" клубтарында ойнады.

2018 жылғы әлем біріншілігінен соң "Астанаға" келді. Бұл қадамын "чемпиондар лигасында ойнау үшін" деп түсіндірдіhttps://www.sports.kz/news/futbolist-vilyarreala-nazval-glavnuyu-prichinu-perehoda-vastanu. Бірақ "Астана" чемпиондар лигасының топтық турниріне шыға алмады.

2021 жылы 9 қарашада карьерасын аяқтайтынын мәлімдедіhttps://qazsporttv.kz/ru/news/15658/.

Ұлттық құрамада 2007 жылы 2 маусымда Хельсинкиде Финляндияға қарсы ЕУРО-2008 іріктеу ойынында алаңға шықты. Бұл ойында сербтер 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Екі рет әлем чемпионатына қатысты: 2010, 2018. 2010 жылғы әлем чемпионатында қосалқы құрамда қалып кетті, ал 2018 жылы екі кездесуде алаңға шықты. Бірінші турдағы Коста-Рикамен кездесудің 83-минутында ойынға қосылса, үшінші турда Бразилияға қарсы матчта 90 минут толық ойнады.

2020 жылы құрамадағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.

Жетістіктері

Сербия

Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: (1): 2006

«Партизан»

Сербияның вице-чемпионы: (1): 2006/07

«Боруссия»

Германия кубогының финалисі: (1): 2007/08 "Астана"

Қазақстан суперкубогы: 2019 Қазақстан чемпионы: 2018, 2019

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Профилі

Санат:Бежания ФК ойыншылары Санат:Партизан Белград ФК ойыншылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары Санат:Мюнхен-1860 ФК ойыншылары Санат:Вильярреал ФК ойыншылары Санат:Астана ФК ойыншылары Санат:Сербия футболшылары Санат:Реал Вальядолид ФК ойыншылары Санат:Сербия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары