Мелвилл (ағыл. Melville Island) — Канададағы арал.
Географиясы Бұл Канадалық Арктикалық архипелагының, Елизавета патшайым аралдарының және Парри архипелагының құрамына кіреді. Нунавут (Кикиктани аймағы) мен Солтүстік-Батыс территория арасында әкімгершіліктей бөлінген. Ауданы 42 149 км², әлемде 33-орын және Канадада 8-орын алады. Парри архипелагының ең ірі аралы. Жағалау сызығының ұзындығы 3107 км. Мелвилл аралы Батерст аралының жағалық аралдар тобына кіретін Александер, Мэсси, Ванье аралдарынан батысқа қарай 36 км қашықтықта (Байам-Мартин бұғазы арқылы), Байам-Мартин аралынан батысқа қарай (Байам бұғазы арқылы) 27 км, Принс-Патрик аралынан оңтүстік-шығысқа қарай 23 км (Фитц-Уильям бұғазы арқылы) және Эмералд аралынан оңтүстікке қарай 26 км қашықтықта орналасқан. Ені 122 км болатын Вайкунт-Мелвилл бұғазы Мелвиллді оңтүстіктегі Виктория мен Стефанссон аралдарынан бөледі, ал ені 102 км Мак-Клур бұғазы оңтүстік-батыстағы Банкс аралынан, Келлетт бұғазы батыстағы Эглинтон аралынан бөледі.
thumb|left|200px|Мелвиллдің орналасқан жері
Мелвилл аралында бірнеше үлкен түбектер және шығанақтар бар қисық пішінді. Аралдың солтүстік жағында Хекла-энд-Грайпер шығанағы, оңтүстік-батыста - Лиддон шығанағы аралға енеді. Бұл шығанақтар аралға тән сипатын беріп, үш түбекті құрайды: солтүстік-шығысында Сабин түбегі, оңтүстік-батыста Дандас түбегі және солтүстік-батыста қатты кетілген түбек. Аралдың шығыстан батысқа дейінгі максимум ұзындығы - 340 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай - 212 км.
Аралдың жер бетін үш кең топографиялық аймаққа бөлуге болады: оңтүстік-батыс плато, орталық таулы аймақ және солтүстік-шығыс жазық аймақ. Аралдың ең биік нүктесі аралдың батыс бөлігінде, теңіз деңгейінен 776 метр биіктікте орналасқан Блу-Хилс тауы. Адамдар тұрмайды. Арал маңында табиғи газдың кен орны бар деп шамаланады.
Мұнда орташа жазғы температура әдетте 5 градустан аспайды және бұл арал Солтүстік Америка субарктикасының ең суық жерлерінің бірі болып саналады.
Тағы қараңыз Мелвилл аралдық қасқыр
Сілтеме Melville Island in the Atlas of Canada - Toporama; Natural Resources Canada Salt Dome "Craters" on Melville Island Environment Canada Field Projects: Geese and Swans
Санат:Солтүстік-Батыс территория аралдары Санат:Нунавут аралдары Санат:Канадалық Арктикалық топарал