Алыптомар мазары – Ақмола облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезіндегі сәулет ескерткіші.
Орналасқан жері Қорғалжын ауданы, Абай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км жерде орналасқан.
Сипаты Мазар құрылысы салынған жер - Алыптомардың жерленген жері. Мазардың биіктігі 6 м, қабырғасының қалыңдығы бір кірпіш бойы (10х10х25 см). Дөңгелек пішінді. Кіре берісі арка тәрізді қаланған. Күмбезі сфера тәріздес. Күйдірілмеген кірпіштен (топырақ пен сабаннан жасалған) тұрғызылған. Аса безендірілмеген. Аталған кесене туралы Ақмола облысы тарихи және мәдени мұрасы жинағында біршама мәліметтер кездеседі.Свод памятников истории и культуры Республики Казахстан. Акмолинская область. — Алматы: Аруна, 2009. — С. 520—521. — 568 с. — 3000 экз. — ISBN 5-89800-024-0, ISBN 5-89800-025-9.
Дереккөздер
Санат:Ақмола облысы сәулеті Санат:Ақмола облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан кесенелері