Игорь Валерьевич Шацкий (11 мамыр 1989Тransfermarkt.com) — қазақстандық футболшы, "Ақтөбе" клубы мен Қазақстан құрамасының қақпашысы.
Карьерасы Қарағанды футболының түлегі. 2007 жылы "Шахтер-Юность" сапында карьерасын бастады. Келесі жылы облыстың бас командасы "Шахтерға" ауысты.
2012-13 жылдары "Астана-64" клубында ойнады. 2014 жылы "Шахтер-Болат" футболшысы атанды. 2015 жылы "Шахтерға" қайта оралды.
2021/22 жылғы еурокубоктерде Шацкий өте жақсы ойнады, УЕФА Конференциялар лигасының екінші кезеңінде "Шахтер" "Стяуамен" ойнап, кездесу пенальтилер сериясына дейін созылды. Шацкий бір пенальтиді қайтарып, команданы келесі кезеңге алып шықты.
Келесі кезеңдегі "Колос" клубымен кездесуде пенальтилер сериясына дейін жалғасты. Бұл жолы Шацкий үш пенальтиді қайтарды да, "Шахтер" плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Жетістіктері Клубтық
«Астана-1964» 1 лиганың қола жүлдегері: 2012
Дереккөздер
Сілтемелер Soccerway сайтындағы профилі
Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Жеңіс ФК ойыншылары Санат:Шахтер-Болат ФК ойыншылары Санат:Тобыл ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары