Таскескен — Абай облысы Үржар ауданындағы ауыл, Қоңыршәулі ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Үржар ауылынан солтүстік-батысқа қарай 70 км-дей жерде. Қарауылтөбенің етегінде, Тарбағатай тау жоталарының күнгей беткейінде, ойпаңда орын тепкен. Ауыл ортасынан Қарақол өзені ағып өтеді.
+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен4225 2999 2404 80,2 1460 1216 83,3 1539 1188 77,2
Тарихы Ауыл іргесі 1928 жылы ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға байланысты қаланған. 1970 жылы ұжымшар негізінде құрылған сүт өндіру бағытындағы “Қазақстан” кеңшары мен Қоңыршәулі ауылдық кеңесінің орталығына айналды. 1981 – 97 жылдар аралығында өзімен аттас ауданның орталығы болды. Оның негізінде мұнда бірнеше шаруа қожалықтары мен ӨК-тер құрылды. Округте мал шаруашылығы және жер өңдеу кәсібі қатар дамыған. Жеке кәсіпкерлер негізінен күнбағыс, картоп, қарбыз өсірумен шұғылданады. Суармалы жер алабы мол.
Инфрақұрылымы Ауылда жалпы білім беретін екі мектеп пен бір Үржар колледжі (бұрынғы училище) бар. Сондай-ақ, мәдениет үйі, пошта байланысы, мешіт қызмет көрсетеді. Таскескен мешіті тек ШҚО бойынша ғана емес, республика көлемінде Тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш салынған ғибадат үйлерінің қатарында. Оның іргетасы 1991 жылы қаланған болатын.
Дереккөздер
Санат:Үржар ауданы елді мекендері