Гильерме Алвин Маринато (; 12 желтоқсан 1985https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/55369, Катагуазис, Минас-Жерайс, Бразилия) — бразилиялық және ресейлік футболшы, қақпашы. Мансабы "Атлетико Паранаэнсе" клубының түлегі. 2007 жылы "Локомотивке" ауысты.

2015 жылы Ресей азаматтығын алды да, 2016 жылдан Ресей ұлттық құрамасында ойнай бастады. 2016 жылғы Еуропа чемпионатына барған футболшылардың тізіміне енгенімен, негізгі құрам Юрий Акинфеевтен босамай, алаңға шыға алмады.

2017 жылы Ресейде өткен Конфедерациялар кубогына да шақырту алды.

Конфедерациялар кубогынан соң ұзақ уақыт құрамаға шақырылмады. 2018 жылы УЕФА Ұлттар Лигасында екі кездесуде құрама қақпасын қорғады.

Үйленген, екі қызы бар.

Жетістіктері

Командалық

Ресей чемпионы (1): 2017/18 Парана штаты чемпионы (1): 2005 Ресей кубогы (2): 2014/15, 2016/17

Жеке

Лев Яшин клубы мүшесі: 2018

Қатысқан турнирлері

Еуропа чемпионаты: 2016 УЕФА Ұлттар Лигасы: 2018/19

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Ресей футболшылары Санат:Ресей Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Атлетико Паранаэнсе ФК ойыншылары Санат:Локомотив Мәскеу ФК ойыншылары