Азамат Кеңесбекұлы Ниязымбетов (25 наурыз 1974 жыл) — қазақ футболшысы, жартылай қорғаушы, шабуыл шебінде де ойнаған.
Карьерасы
Клубтық Карьерасын 1991 жылы Алматының "Олимпия" клубында бастап, КСРО Чемпионатының екінші төменгі лигасында ойнады. 1992 жылы Жамбылдың "Фосфор" клубына ауысып, маусым соңында Қазақстан кубогының финалына шықты. Бірақ финалда "Фосфор" 1:5 есебімен "Қайраттан" ұтылды.
1993 жылы жаңадан құрылған алматылық "Достық" клубына ауысты. Жыл соңында "Достық" қайта тарап кетті де, тараздық клубқа (атауы бұл кезде "Тараз" деп өзгертілген-ді) қайта келді. "Тараз" сапында үш жыл қатарынан жүлдегерлер қатарынан көрінді (1995, 1997 жылдары 2-орын, 1996 жылы чемпион).
1998, 1999 жылдары "Қайсарда" ойнады. 1999 жылы Қазақстан кубогын иеленді.
2000 жылы "Жеңіс" сапында Қазақстан чемпионы атанды.
Кейін "Атырау", "Тобыл", "Шахтер" клубтарында ойнап, 2004 жылы "Таразға" қайта келді. 2004 жылы тағы да Қазақстан кубогын иеленді.
Ұлттық құрамада Құрама сапында 16 рет алаңға шықты, Азия-1996, ӘЧ-1998, Азия-2000 іріктеулеріне қатысты.
Бірінші ойын: 27.12.1995. Кувейт - Қазақстан - 0:0 Соңғы ойын: 7.10.2000. Сауд Арабиясы - Қазақстан - 1:0
Бапкерлік карьерасы Ұзақ жылдар бойы "Тараз" клубының бапкерлер штабында жұмыс жасады. 2019 жылы "Тараз" спорт директоры боп тағайындалды.
Жетістіктері
Қазақстан кубогының финалисі: 1992 Қазақстан кубогы: 1993, 1999, 2004 Қазақстан чемпионы: 1996, 2000 Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2001
Сілтемелер
Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:СКИФ Алматы ФК ойыншылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Достық Алматы ФК ойыншылары Санат:Қайсар ФК ойыншылары Санат:Жеңіс ФК ойыншылары Санат:Атырау ФК ойыншылары Санат:Тобыл ФК ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары