Алиссон Рамзес Бекер (; 2 қазан 1992 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/105470, Нову-Амбургу, Бразилия), Алиссон ретінде танымал — бразилиялық футболшы, Бразилия Ұлттық футбол құрамасы мен "Ливерпуль" клубының қақпашысы.
Мансабы Клубтық Алиссон "Интернасьонал" клубының түлегі. Негізгі командада тұңғыш рет 2013 жылы алаңға шықты. 2015 жылы атақты Дида клубпен қоштасқан соң негізгі қақпашыға айналды. "Интернасьонал" сапында үш рет Гаушо лигасын ұтып алды.
2016 жылы жазда Алиссон "Ромаға" ауысты. Сол жылы 17 тамыз күні Чемпиондар лигасының плей-офф матчында "Портуға" қарсы тұңғыш рет римдіктердің жейжесімен алаңға шықты. "Ромада" негізгі қақпашы рөлін польшалық Войцех Щенсны атқарғандықтар, Алиссонға тағы да екінші қақпашы болуға тура келді. 2017 жылы Щенсны "Ювентусқа" ауысты да, негізгі пост Алиссонға қалды.
2017/18 жылғы маусымда Италия чемпионатының үздік қақпашысы атанды.
2018 жылы қаңтар айында еуропалық бірнеше клуб, атап айтқанда "Барселона", ПСЖ, "Ливерпуль" секілді командалар Алиссонды өз құрамдарынан көргісі келетіндерін мәлімдеді. Жазда Алиссон осылардың соңғысын таңдады, 65 миллион фунт стерлингке сатылып, әлемдегі ең қымбат қақпашыға айналды.
Ұлттық құрама Бразилияның жасөспірімдер құрамасында ойнап, 2009 жылы Нигериядағы әлем чемпионатына қатысты.
Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2015 жылы 14 ақпанда Венесуэлаға қарсы ӘЧ-2018 іріктеу ойынында алаңға шықты. 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысты.
Жетістіктері
Командалық
«Интернасьонал»
Гаушу лигасының жеңімпазы (3): 2013, 2014, 2015
Ливерпуль
УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпазы: 2018/19 Англия премьер-лигасының күміс жүлдегері: 2018/19
Бразилия
Америка кубогы: 2019
Жеке
Чемпиондар лигасының символикалық құрамы: 2017/18 Италияның үздік қақпашысы: 2018
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Интернасьонал ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары