УЕФА Еуропа лигасының финалы 2017 (ағыл. 2017 UEFA Europa League Final) — 24 мамыр күні Стокгольмдағы "Френдс Арена" стадионында өттіhttp://www.uefa.com/uefaeuropaleague/news/newsid=2262072.html. "Манчестер Юнайтед" 2:0 есебімен "Аяксты" ұтып, турнир жеңімпазы атанды да, 2017 жылғы УЕФА Суперкубогына және 2017/18 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасына жолдама алды.
Матчтың ерекшеліктері "Аякс" өз тарихында екінші рет осы турнирдің финалына шықты. 1992 жылы "Торино" клубын қапы қалдырып жеңімпаз атанған болатын. Ал "Манчестер Юнайтед" бірінші рет финалға шықты.
"Манчестер Юнайтед" Еуропадағы басты үш турнирде топ жарған (Чемпиондар лигасы/Чемпиондар кубогы, Еуропа лигасы, Кубок иелері кубогы) бесінші команда атанды. Бұған дейін мұндай жетістікке "Ювентус", "Челси", "Бавария" және осы матчтағы "Аякс" қол жеткізген.
Жозе Моуриньо араға 15 жыл салып осы турнирде бапкер ретінде жеңімпаз атанды. 2003 жылы "Портуды" жаттықтырып (ол кезде бұл турнир УЕФА кубогы деп аталатын еді) осы жетістікке жеткен болатын.
"Манчестер Юнайтедте" көп жылдар бойы ойнаған Уэйн Руни манкуниандықтар сапында соңғы ойынын өткізді. Осы маусымнан соң туған клубы "Эвертонға" қайта оралды.
Матч Протокол
ққ24 Андре Онанақ 3 Джоэл Велтман қ 5 Давинсон Санчесқ 36 Матейс де Лигтқ 4 Джайро Ридевалд ж 10 Дэви Классен (к)ж 20 Лассе Шёне ж 22 Хаким Зийешш 9 Бертран Траореш 25 Каспер Дольберг ш 11 Амин Юнес Алаңға шыққандар:ш 21 Френки де Йонг ш 30 Донни ван де Бек ш 77 Давид Нерес Бапкері: Петер Бос300px ққ20 Серхио Ромероқ 25 Антонио Валенсия (к)қ 12 Крис Смоллингқ 17 Дейли Блиндқ 36 Маттео Дармианж 21 Андер Эррераж 8 Хуан Мата ж 27 Маруан Феллайни ж 6 Поль Погбаж 22 Генрих Мхитарян ш 19 Маркус Рашфорд Алаңға шыққандар:ж 14 Джесси Лингард ш 10 Уэйн Руни ш 11 Антони Марсьяль Бас бапкер: Жозе Моуринью
Статистика +АяксМанчестер ЮнайтедГолдар02Соққылар176Тура бағытталған соққылар34Сейвтер23Доп иелену67 %33 %Бұрыштамалар52Фолдар1517Тыс қалулар01Ескертулер33Қызыл қағаздар00
Тағы қараңыз
УЕФА суперкубогы 2017 УЕФА чемпиондар Лигасы 2016/17
Дереккөздер
Сілтемелер Маттың есеп-қисабы
Санат:УЕФА Еуропа лигасы 2016/17 Санат:2017 жылғы футбол Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойындары Санат:Аякс Амстердам ФК ойындары Санат:УЕФА Еуропа лигасының финалдары