Стив Манданда (, ; 28 наурыз 1985 жыл, Киншаса, Заир) — франциялық футболшы, Франция Ұлттық футбол құрамасы мен "Олимпик Марсель" клубының қақпашысы.

Карьерасы Манданда Заир астанасында дүниеге келген. 1988 жылы әкесі Францияға жұмыс іздеп кетті де, артынша көп ұзамай отбасымен бірге екі жасар Стив те әкесінің артынан Францияға барып, сонда тұрақтап қалды.

2008 жылдан бері Франция ұлттық құрамасында ойнап келеді. 2008, 2012, 2016 жылдары Еуропа чемпионатына, 2010, 2018 жылдары әлем чемпионаттарына қатысты. Дәл қазір құрамадағы Юго Льористен кейінгі екінші қақпашы саналады. 2018 жылғы әлем чемпионы.

Ұзақ жылдардан бері "Олимпик Марсель" командасында ойнайды. Тек 2016-17 жылдары бір маусым Англияның "Кристалл Пэлас" клубының намысын қорғады.

Жетістіктер

Клубтық

Франция чемпионы: 2010 Франция чемпионатының күміс жүлдегері (2): 2009, 2011 Франция чемпионатының қола жүлдегері: 2008 Франция Лига кубогы (3): 2010, 2011, 2012 Франция суперкубогы (2): 2010, 2011 УЕФА Еуропа Лигасының финалисі 2018

Халықаралық

Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 2016 Әлем чемпионы: 2018

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Франция футболшылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Гавр ФК ойыншылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Кристалл Пэлас ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары