Шошқакөл бұйраты – Мұғалжар тауының оңтүстік сілеміндегі қырқалы, ұсақ шоқылы төбелер.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин, Шалқар аудандары аумағында, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 135–140 км-ге, Шағырай үстіртімен қатарласа созылып жатыр.

Жер бедері Шошқакөл бұйратының ең биік жері 408 м, салыстырмалы биіктігі 40–60 м. Топырағы құнарсыз. Жусан, сораң шөп, бұта өседі.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

Дереккөздер

Санат:Байғанин ауданы таулары Санат:Шалқар ауданы таулары