Родриго Эрнандес Касканте (; 22 маусым 1996 жыл, Мадрид, Испания) — испан футболшысы, Испания Ұлттық футбол құрамасы мен "Манчестер Сити" клубының жартылай қорғаушысы. Қазіргі таңдағы ең үздік футболшылардың бірі болып есептеледі. Ол өзінің дәл пас беру, жан-жақтылығы мен техникалық қабілеттерімен көпшілікке танылған. Алтын доп иегері.
Карьерасы Клубтық "Атлетико Мадрид" және "Вильярреал" клубтарының түлегі. 2013 жылы "Атлетико" жастар клубынан "Вильярреал" жастар клубына ауысып, 2015 жылы негіз құрам тізіміне ілікті. Алғашқы ойынын 2016 жылы 17 сәуір күні "Райо Вальеканоға" қарсы өткізді.
"Вильярреалда" 2018 жылға дейін ойнап, 2018 жылы жазда "Атлетико Мадридке" қайта оралды. Клубқа орала салып "Атлетико" "Реалды" ұтты да, УЕФА Суперкубогы иегері атанды.
2019 жылы 3-ші шілдеде Манчестер Сити футбол клубы Родриды Атлетико Мадридтен 62,6 миллион фунтқа сатып алып, 5 жылдық келісім шартқа отырды. Ұлттық құрама 2018 жылы көктемде Испания Ұлттық құрамасына шақыртылды. Оған дейін Испанияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнаған. 2016, 2017 жылдары тиісінше 19 және 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Еуропа чемпионы атанды.
2023 жылы UEFA Ұлттар Лигасының финалында Хорватияға қарсы ойында өнер көрсетіп, пеналти сериясы кезінде командасын жеңіске жеткізуге себепкер болды. Родри финалдың ғана емес турнирдің де ең үздік ойыншысы атанды.
2024 жылы UEFA Еуропа Чемпионатының финалында Англияны 2:1 есебімен жеңіп Еуропа чемпионы атанды. Ол соған қоса турнирдегі ең үздік ойыншы атанды.
Жетістіктері Атлетико Мадрид УЕФА Суперкубогы: 2018 Манчестер Сити
Англия чемпионы: 2020/21, 2021/22, 2022/23, 2023/24 Англия кубогы: 2022/23; финалисті: 2023/24 Лига кубогы: 2019/20, 2020/21 Англия суперкубогы: 2019 UEFA Чемпиондар лигасы: 2022/23; финалисті: 2020/21 UEFA Супер Кубогі: 2023 Футболдан клубтар арасындағы әлем біріншілігі: 2023
Испания-19
Еуропа чемпионы: 2016
Испания-21
Еуропа чемпионы: 2017 Испания
Әлем чемпионы: 2026 UEFA Еуропа чемпионы: 2024 UEFA Ұлттар Лигасы: 2022/23; финалисті: 2020/21
Дереккөздер
Сілтемелер Villarreal official profile
Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Атлетико Мадрид ФК ойыншылары Санат:Вильярреал ФК ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Алтын доп иегерлері