Падища Бодуэн (стадион)200px|ОрналасуыБрюссель, БельгияСалынған1930 жылАшылған1930 жыл Қайта өңдеуден өткені1995 жылСыйымдылығы70 000ТорбетіИесіБрюссельКомандасы

Падища Бодуэн атындағы стадион (фр. Stade Roi Baudouin, нидерл. Koning Boudewijnstadion) — Бельгияның Брюссель қаласындағы футбол аренасы. 1930 жылы салынған. Сыйымдылығы — 70 мың адам. Бельгия Ұлттық футбол құрамасы өз алаңындағы ойындарын өткізеді. Сипаттамасы Алғашқы атауы — "Юбилей". 1946 жылы "Эйзель" деп аталды. 1995 жылы қайта салынып, қазіргі атауына (Бельгияның 1951-1993 жылдардағы падищасы Бодуэн Альберт Шарль Леопольд Аксель Мария Густавтың құрметіне қойылған) ие болды.

1972 жылғы Еуропа біріншілігінің финалдық матчы, 2000 жылғы Еуропа чемпионатының бірнеше ойындары өткізілді. Еуропа чемпиондар лигасының бірнеше финалдары (1958, 1966, 1974, 1985) мен Кубок иелері кубогының бірнеше финалдары (1964, 1976, 1980, 1996) ойналған. 1985 жылғы Еуропа чемпиондары кубогының финалында "Ювентус" пен "Ливерпуль" ойнады да, көрермендер қақтығысы болып, 39 адам қаза тапты. Сілтемелер Бельгия футбол федерациясының ресми сайтында

Санат:Стадиондар Санат:Бельгия стадиондары