«Кілт» әдісі (сондай-ақ, синхроәдіс деген атаумен белгілі) — адамның психофизиологиялық өзін-өзі реттеу және өз мәселелерін шешу кезінде стресс жүктемесінің энергиясын пайдалану тәсілі. 1980 жылдардың басында Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындау орталығында кеңес және Ресей ғалымы, медицина ғылымдарының кандидаты, Дағыстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, психиатр Хасай Магомедұлы Алиевпен жасалған.
Әдістің мәні Әдістің мәні ахуалды басқару дағдысын меңгеруден тұрады. Ол психологиялық-физиологиялық өзін реттеудің бар әдістерін және жүйкелік-психикалық жүктеуден босатуға бағытталған адамның таралған түйсікті қозғалыстарын талдауға негізденеді. Ол мидың жұмыс істеу моделін және негізгі әдістерді қамтиды. Оған мидың қызмет үлгісі және негізгі амалдары кіреді. Негізгі амалдар – бұл қиялдағы қозғалыстар рефлексті орындалғанда идеялық-рефлексті ұстаным бойынша жүзеге асырылатын жаттығулардың кешені.
Барлық жаттығулар ең аз күшпен жүзеге асырылатын жеке және жайлы қозғалысты іздеуде түрленеді. Толқытатын келеңсіздіктер туралы толғанумен үйлесімділікте «басымдылық жолымен іріктеу» ұстанымы бойынша мұндай ізденіс ағымдағы күймен қозғалыстың жиілігін синхрондауды қамтамасыз етеді. Бұл күйзелісті жүктемені өзідігінен түсіруге және айрықша мән берілетін мидың қызметтелу үлгісіндегі бейтарап күйдің пайда болуына әкеледі.
Бейтарап күйде ағзамен бірінше кезекте күйзелісті жүктеме және қалжырауға байланысты тапшылықтар өздігінен толықтырылады, және сауықтыру үрдісі қосылады. Жұмылдыру күйін, ішкі теңгерімді теңестіру, релаксация, медитация және жауынгерлік трансты алу үшін Онда саналы түрде күйдің ерікті ауысу жағдысы жаттықтырылады. Ол психосоматикалық ауруларды, қорқыныштар және тәуелсіздіктерді емдеу кезінде психотерапияда Кутбиддинова Р. А. Инструменты практикующего психолога в работе с психосоматическими проблемами // Современные проблемы науки, технологий, инновационной деятельности. Сборник научных трудов по материалам Международной научно-практической конференции. г. Белгород 31 авг. 2017 г.. — Белгород: ООО «Эпицентр», 2017. — Т. 2. — С. 114—118. қолданылады. Онда күйзелісті жағдайлардағы қиялды, қалаулы мінез-құлықтың көмегімен күйзеліске төзімділік алдын ала өңделеді. Күйзеліске қарсы дайындық жайсыз жағдайларда әдейі өткізіледі, онда күйзеліс арнайы үлгіленеді, бұл дағдының тұрақтылығын және нақты жағдайлардағы оның жаңғыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бейтарап күйде спортшылар қалаулы қимылдарды менталды өтей алады. Сонымен қатар, ол шығармашылықтың кез келген түрі, креативтік шешімдерді, кез келген оқытуларды іздеу және барлық мүмкін дағдыларды жаттықтыру үшін оңтайлы.
Әдістің психикалық дені сау тұлғалар үшін қарсы көрсеткіштері жоқ. Қалған жағдайларда оны дәрігердің бақылауымен игеруге болады.
Қолданылуы 1981-1983 жылдары Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындау орталығында жас психиатр Хасай Алиев жер үсті жағдайларында ғарышкерлердің салмақсыздық күйін модельдеу және идеомоторлық қозғалыстар көмегімен стрессті және шамадан тыс жүктеуді игеру әдістемесін жасады.
Бұдан кейін әдіс адами фактордың әсерін әлсірету және қызметкерлердің денсаулығын қорғау үшін кәсіпорындарға енгізілді. Бұл қызметкерлер 1983-1986 жылдардағы КСРО МЭП «Позистор» ӨБ микрожинау зауытының операторлары, 1990-1998 жылдардағы «Дагэнерго» кәсіпорнының энергетик-диспетчерлері еді.
1987 жылы КСРО Денсаулық сақтау министрлігі әдісті жұмыстағы адамның стрессі мен шаршауын азайту, оқу және жаттығу үдерістерін оңтайландыру, жүйке бұзушылықтары мен психосоматикалық ауруларды психикалық алдын алу мен түзету үшін ұсынды. Бұл бағытта әдіс әлі күнге дейін дамып келеді Шарипова М. М. Психорефлексотерапия с использованием метода «ключ». Рефлексотерапия 2002; 2: с. 44—46. .
Роспатент «Қалжырауды төмендету тәсілі» иннновациясын 1785711 нөмірімен тіркеді, ал 1995 жылы «Психологиялық-физиологиялық өзін-өзі реттеу тәсілі және ынталандыруға арналған құрылғыны» 2041721 нөмірімен тіркеді.
Кейінгі жылдары әдіс жарыс алдында спортшылардың , Марс-500 бағдарламасын сынақтаушылардың, әскерилердің (соның ішінде «К-141 Курск» атомоходына кіру алдында персоналдың), Ресей ІІМ, ФҚҚ (ФСБ) және ТЖМ қызметкерлерінің, оқушылар мен студенттердің стресске қарсы дайындығы ретінде, Кизляр, Каспийск, Есентуки, Беслан, Мәскеу және т.б. жерлердегі лаңкестік әрекеттерден зардап шеккендерді психологиялық жедел оңалтуды жүргізуде пайдаланылды .
Басылымдар Алиев Х. М. Ключ к себе: Этюды о саморегуляции. — М.: Молодая гвардия, 1990. Исрапилова К. Ключ доктора Хасая. — Махачкала: Дагестанское книжное издательство, 1991. ISBN ИБ 2653 Алиев Х. М. Уникальные приемы против стресса. — Махачкала, 1994. Алиев Х. М. Защита от стресса. Как сохранить и реализовать себя в современных условиях. — М.: Мартин, 1996. Алиев Х. М. Где взять силы для успеха. Система психофизиологической саморегуляции «Ключ». — СПб: Техинвест, 1998. Алиев Х. М. Антистрессовая подготовка для психологов, профориентаторов и социальных работников. — СПб: Техинвест, 1998. Алиев Х. М. Метод Ключ в борьбе со стрессом. — Ростов-на-Дону: Феникс, 2003. Алиев Х. М. Своё лицо или формула счастья. — М.: Олма Пресс, 2004 Алиев Х. М. Ключ к себе. Разблокирование скрытых возможностей. — М.: Вече, 2008. Алиев Х. М. Метод «Ключ». Разблокируй свои возможности. Реализуй себя. — СПб.: Питер, 2009. Алиев Х. М. Метод «Ключ». Открой свой мир! Включи внутренние резервы. — СПб.: Питер, 2011. Алиев Х. М. Укрощение стресса. — М.: Эксмо, 2011. ISBN 978-5-699-49077-6 Dr. Aliev, Hasai. The Synchromethod. A Key to New Heights of Inner Freedom, Stress Resistance and Creativity. — Bloomington USA: AuthorHouse Publishing, 2011. — P. 204 p. — ISBN 978-1456779115. Aliev, Hasai. La clé de soi (Texte imprimé : la méthode «la clé» permet d'éliminer le stress et d’atteindre des hauteurs inaccessibles jusqu’alors / Hasaï Aliev; version française réalisée par Jean-Paul Touzé ; traduit du russe par Sylvie Templeur). — Paris: Economica-Anthropos, 2009. — 172 с. — ISBN 978-2-7178-5728-3.
Дереккөздер
Санат:Психотерапия