Албан Буши (; 20 тамыз 1973 жыл, Тирана) — албаниялық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы. Карьерасы Албания Ұлттық футбол құрамасы сапында 65 ойын өткізіп, 14 гол соқтыhttp://www.sportishqiptar.com.al/tiranes-i-kthehen-dy-ikona-te-futbollit-tone/. Бұл Эрьон Богданиден кейінгі екінші нәтиже (Богданидің еншісінде 15 гол бар).

Клубты өте көп ауыстырған ойыншылардың бірі. 19 жылдық карьерасында 20-ға жуық клубта доп теуіп, 2011 жылы футбол ойнауды доғарды. Бес жылдық үзілістен соң бапкер ретінде футболға қайта оралып, Албанияның 16 жасқа дейінгі құрамасын жаттықтырды.

2017 жылы 21 жасқа дейінгі Албания құрамасының бас жаттықтырушысы боп тағайындалды.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:Албания футболшылары Санат:Албания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Албания футбол жаттықтырушылары Санат:Тирана ФК ойыншылары Санат:Аданаспор ФК ойыншылары Санат:Трабзонспор ФК ойыншылары Санат:Левадиакос ФК ойыншылары Санат:Фламуртари ФК ойыншылары Санат:Партизани ФК ойыншылары Санат:Сегед ФК ойыншылары Санат:Литекс ФК ойыншылары Санат:Ыстанбұлспор ФК ойыншылары