Хесус Даниэль Гальярдо Васконселос (; 15 тамыз 1994 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/344854, Эройка-Карденас, Мексика) — мексикалық футболшы, Мексика Ұлттық футбол құрамасы мен "Монтеррей" клубының жартылай қорғаушысы. 2017, 2019 жылдары КОНКАКАФ Алтын кубогына, 2018 жылы әлем чемпионатына қатысты.

Карьерасы "УНАМ Пумас" клубының түлегі. Кәсіби футболшы ретінде тұңғыш ойынын 2014 жылы 17 қыркүйекте Мексика кубогы турнирінде "Толука" командасына қарсы өткізді. Осы матчта-ақ клуб сапындағы тұңғыш голын соқты. Ал Мексика чемпионатындағы тұңғыш ойынын болашақ клубы "Монтеррейге" қарсы өткізді.

2018 жылғы әлем чемпионатынан соң "Монтеррей" клубына ауысты. 22 шілдеде "Пачука клубына қарсы ойында "Монтеррей" сапында тұңғыш рет алаңға шықты.

Жетістіктері

КОНКАКАФ Алтын кубогының жеңімпазы — 2019

Дереккөздер

Сілтемелер Статистикасы Профилі

Санат:Мексика футболшылары Санат:Мексика Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:УНАМ Пумас ФК ойыншылары Санат:Монтеррей ФК ойыншылары Санат:Футболдан Солтүстік Америка чемпиондары