Наталья Павловна Калашникова (1959 жылдың 26 қазанында Талдықорған облысының (қазір – Алматы облысы) Кировский елді мекенінде туылған) — Қазақстанның белгілі қоғам қайраткері, саяси ғылым докторы, доцент, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (2011 ж.), 300-ден астам ғылыми еңбектер мен публицистикалық мақалалардың авторы,Калашникова Наталья Павловна: Ғылыми еңбектердің, баяндамалар мен сұхбаттардың биобиблиографиялық жинағы / Жауапты ред.: Н.Ж. Шаймерденова, М.Ə. Бөрібаева / Құраст.: С.О. Станбаева, Ж.А. Искакова, Х.Б. Маслов. – Нұр-Сұлтан, 2019. – 184 с.https://library.enu.kz/MegaPro/Web/SearchResult/ToPage/1 Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі.

Өмірбаяны Білімі 1980 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтының «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша филология факультетін бітірген, ал 2000 жылы – Мәскеу мемлекеттік кәсіби дайындық академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

2003 жылы «Қазақстандағы балалардың құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясат» (орыс тілінде - «Государственная политика в области защиты прав детей в Казахстане») тақырыбанда саяси ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғаған,Калашникова Н.П. Государственная политика в области защиты прав детей в Казахстане: дис. ... к.полит.н. - Алматы, 2003: http://www.nauka.kz/page.php/upload/images/images/uppod.swf?page_id=107&lang=1&month_to=12&year_to=2016&page=947 2008 жылы “23.00.02 – Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси үдерістер мен технологиялар ” мамандығы бойынша саяси ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін «Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамы: жастар құрамдас бөлігінің саясаттану талдауы» (орыс тілінде - "Гражданское общество Республики Казахстан: политологический анализ молодежной составляющей") тақырыбында диссертация қорғаған.

Еңбек жолы Еңбек жолын І.Жансүгіров атындағы Талды-Қорған педагогикалық институтында бастаған. Бұл жерде 1980-1984 жылдары лаборант, ассистент, педагогика кафедрасының оқытушысы лауазымын институттың оқытушылары мен қызметкерлері комсомол Комитетінің хатшысы қоғамдық жұмысымен бірге атқарған.

1984 - 1987 жж. - Кеңестік бейбітшілік қорының Облыстық бөлімшесінің хатшысы, одан кейін төрағаның орынбасары.

1987 - 1988 жж. - Облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары (Талды-Қорған қ.).

1988 – 1992 жж. – Облыстық атқару комитетінің бас жоспарлау-экономикалық басқармасының жетекші маманы, кеңесшісі, Талды-Қорған облыстық атқару комитетінің әлеуметтік мәселелер бойынша аға референті.

1992 – 1995 жж. – «Такор» қаржы-өнеркәсіптік компаниясының әкімшілік басқарушысы (Талды-Қорған қ.).

1995 – 1998 жж. – Қалалық Мәслихаттың депутаты болып сайланып, Мәслихаттың ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады (Талды-Қорған қ.).

1995 – 1997 жж. – Талды-Қорған облыстық әкімшілігінің ұйымдастыру және кадрлық жұмыс бөлімінің жауапты ұйымдастырушысы, әкімшілік басшысының кеңесшісі.

1997 ж. – Облыстық еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары (Талды-Қорған қ.).

1998 – 2005 жж. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі аппаратында қызмет етеді (жалпы бөлімнің кеңесшісі, Акпараттық-сараптау бөлімінің сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс төрағасы Секретариатының сектор меңгерушісі, сонымен қатар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Д.А. Қонаев атындағы Университетте ғылыми және оқытушылық қызметінде атқарған).

2005 – 2008 жж. – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы директорының орынбасары (Астана қ.).

2008 – 2012 жж. – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы ассамблеясы Секретариатының кеңесшісі, инспекторы.

2012 – 2014 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінде «Мемлекеттік саяси стратегиясы» кафедрасының меңгерушісі; саяси басқару, мемлекеттік және жастар саясаты, этникааралық қатынастар мәселелері бойынша, оның ішінде «А» корпусының тыңдаушыларына арналған тренингтер мен кейстердің оқыту модульдік бағдарламалардың әзірлеушісі.

2014 – 2016 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекеменіңРГУ "Қоғамдық келісім" при Президенте РК / Сайт Ассамблеи народа Казахстана: https://assembly.kz/ru/struktury-ank/rgu-o-amdy-kelisim-pri-prezidente-rk/ директоры саяси қызметке тағайындалды.Распоряжением Главы государства Калашникова Наталья Павловна назначена директором республиканского государственного учреждения «Қоғамдық келісім» при Президенте Республики Казахстан/Официальный сайт Президента Республики Казахстан: http://www.akorda.kz/ru/legal_acts/bylaws/rasporyazheniem-glavy-gosudarstva-kalashnikova-natalya-pavlovna-naznachena-direktorom-respublikanskogo-gosudarstvennogo-uchrezhdeniya-kogamd Директором РГУ "Қоғамдық келісім" при Президенте назначена Наталья Калашникова: https://forbes.kz/news/2014/12/12/newsid_74950

2017 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының маркетинг және менеджмент қызметінің басшысы (Астана), сонымен қатар М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті саясаттану кафедрасының профессоры лауазымында жұмыс істейді.

2017 жылдың 12 қыркүйегінде Еуразиялық интеграция институты директорының орынбасары болып тағайындалдыЗаместитель директора Института Евразийской интеграции Калашникова Наталья Павловна провела встречу в Центре социального обслуживания по разъяснению Послания Президента от 10 января 2018 года социальным работникам / Институт Евразийской интеграции: http://iei.kz/index.php/ru/sobytia-rus/novosti/274-zamestitel-direktora-instituta-evrazijskoj-integratsii-kalashnikova-natalya-pavlovna-provela-vstrechu-v-tsentre-sotsialnogo-obsluzhivaniya-po-raz-yasneniyu-poslaniya-prezidenta-ot-10-yanvarya-2018-goda-sotsialnym-rabotnikam , осы қызметті 2018 жылдың қыркүйегіне дейін атқарды.

2018 жылдың қыркүйегінен бастап – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті саясаттану кафедрасының профессоры, сонымен қатар М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессорыПреподаватели кафедры социально-гуманитарных дисциплин Казахстанского филиала МГУ имени М.В. Ломоносова: http://www.msu.kz/information/person/person.php?ELEMENT_ID=4926.

2020 жылдан бастап осы күнге дейін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі.

Марапаттары 2008 — «Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері» төсбелгісі; 2009 — Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы; 2011 — «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі; М.В. Ломоносов атындағы ММУ «Ломоносов» мерейтойлық медалімен берілген Құрмет грамотасы; 2012 — Сайлауды ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін берілген ҚР Президентінің Алғыс хаты; 2013 — Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі; 2014 — «Құрмет» ордені; 2018 — «Астана-20 жыл» мерейтойлық медалі; шетелдік марапат – «Ресей халықтары Ассамблеясына 20 жыл» алтын мерейтойлық медаль. 2019 – Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін ҚХА-ның «Мейірім» төсбелгісі. 2020 – «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медалі. 2020 – «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалі. 2020 – Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының (ХАА) ХАА ғылымы мен жобаларын дамытуға қосқан үлесі үшін Алтын медалі. 2021 – II дәрежелі «Достық» ордені. 2021 – «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі. 2023 – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс» төсбелгісі. 2023 – ҚР ғылым саласындағы жетістіктері үшін «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі. Бұдан басқа келесі мерейтойлық медальдармен марапатталған: «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл»; «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (ҚР Президентінің жарлықтарына сәйкес); «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл»; «Қазақ хандығына 550 жыл» және т.б. ведомстволық марапаттары бар.

Ғылыми қызметі Студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған келесі оқу курстарының әзірлеушісі: «Саяси үдерістерді талдау мен болжамдаудың заманауи технологиялары», «Қазіргі әлемдегі этносаяси үдерістер» «Саяси маркетинг», «Жобаларды басқару», «Таңдамалы технологиялар» және т.б. Магистрлық және докторлық диссертацияларға ғылыми жетекшілік жүргізеді. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалында мынадай авторлық курстарды жүргізді: «Қазақстан Республикасындағы модернизациялау негіздері», «Ұлттық сананы модернизациялау контексіндегі рухани жаңғыру». 2004–2008 жылдары – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы Д14.20.03 Диссертациялық кеңесінің ғылыми хатшысы. 300-ден астам еңбектің авторы, оның ішінде монографиялары (жеке авторлық және бірлескен авторлармен бірге), оқу құралдары мен халықаралық журналдарда, халықаралық конференциялар мен симпозиумдар жинағында жарияланған мақалалары бар. «Қазақ диаспорасы ортасындағы Алаш орда философиясының қазіргі түсіндірілуі: жағдайы, бағалауы, сабақтары (әлеуметтік-тарихи талдау) халықаралық жобасының тең авторы (2010 г. тең авторы: Б.И. Ракишева және т.б.).

«Сөнбесін от алауы» ғылыми документалды ой-толғау фильмінің ғылыми кеңесшісі (2012 ж., жоба материалдары бойынша, тең авторы: Б.И. Ракишева және т.б.). 2010 жылдан бері өткізілетін «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» Қазақстан халқы Ассамблеясы халықаралық жобасының бастамашыларының бірі (2010–2024). Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Алаш философиясы – қазіргі жағдайы: толеранттылық, отансүйгіштік және азаматтық» ғылыми-гуманитарлық жобаның автор-құрастыру шысы (профессор, философия ғылымдарының докторы Т. Бурбаевпен бірге, 2015 ж.). «Жібек жолындағы сұқбаттар» халықаралық мәдениеттану жобасының тең авторы, «Жібек жолындағы жоба әңгімелерінің тарихы» деректі фильмінің ғылыми кеңесшісі (Алматы, 2017 ж., тең авторлар: М.М. Әуезов, Э.А. Цой). Мультимедиялық қосымшасы бар «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми-тарихи картасы» жобасын іске асыру синопсисінің автор-әзірлеушісі, сонымен қатар осы жобаның ғылыми кеңесшісі (2017 ж. тең автор: Б. Аяған). 2018–2020 зерттеулерді жылдарға арналған ғылыми гранттық қаржыландыру аясында «Н. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен бірліктің қазақстандық моделі» ғылыми-зерттеу жобасының ғылыми қызметкері (ҚР Білім және ғылым министрлігінің А.А. Башмаков). Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің ҮЕҰ үшін сыйлықтар беру конкурсына (жоба жетекшісі) қатысқан. 2021 жылдың қорытындысы бойынша «Шаңырақ» ҚХА кафедралары қауымдастығы» РҚБ қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы белсенді қызметі үшін сыйлық алды. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің бес ғылыми-зерттеу жобасына қатысады.

Елеулі еңбектері Политическое измерение гражданского общества независимого Казахстана / Республика Казахстан: политическая модернизация (колл. монография). – Астана, 2008. - С.90-107. Ассамблея народа Казахстана и межкультурный диалог / Отв.ред. Е.Тугжанов, Е. Пивовар / Редколлегия: А. Власов, А. Ревский, И. Агакишиев, Н. Калашникова. - Москва: ОО «Ол Би Принт», 2009. Казахстанская модель межэтнической толерантности и общественного согласия Н.Назарбаева: электронная и печатная презентация (систематизированная и аналитическая версия) на 3-х языках. - Астана, 2009. (соавтор - Е.Л. Тугжанов). ОБСЕ – Казахстан: опыт межэтнического взаимодействия в странах-участниках. - Астана, 2010. - 143 с. (соавторы - Е.Л. Тугжанов, С.К. Калмыков) /для участников Саммита ОБСЕ в Астане/.