«Эллас Верона» () — Италияның Верона қаласындағы кәсіпқой футбол клубы. 1903 жылы құрылған. 1984/85 жылғы маусымда Италия чемпионы атанды.

Тарихы 1903 жылы жергілікті лицейдің студенттері құрды. Әуелдегі аты "Эллада" (италияншасы — Эллас). Бұл атауды лицейдің грек тілі мұғалімі қойған-ды. 1919 жылы "Эллас Верона" деп өзгертілді. 1956/57 жылғы маусымда тұңғыш рет А сериясында ойнады.

1982/83 жылғы маусымды төртінші орында аяқтап, өзіндік рекорд жасады. Дегенмен, ірі табыстары алда еді, 1984/85 жылғы маусымда 30 кездесуде 43 ұпай жинап, Италия чемпиодығына қол жеткізді. Бұл маусымда клубта неміс Ханс-Петер Бригель, даниялық Пребен Элкьяр-Ларсен, италиялық Антонио Ди Дженнаро секілді мықтылар ойнады.

Бітіспес қарсыластары — Веронаның тағы бір клубы "Кьево"

Атаулар тарихы

1903—1915 — Hellas 1919—1928 — Hellas Verona 1928—1959 — Associazione Calcio Verona 1959—1991 — Associazione Calcio Hellas Verona 1991—1995 — Verona Football Club 1995 — Hellas Verona Football Club

Жетістіктері

Италия чемпионы: 1984/85 Б сериясының жеңімпазы: 1956/57, 1981/82, 1998/99 Италия кубогының финалисі: 1975/76, 1982/83, 1983/84

Сілтемелер Ресми сайт Тарихы 1985 жылғы "Веронаның" жеңісі (sports.ru)

Санат:Италия футбол клубтары