Абдель Ламанж (; 27 шілде 1990 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/130927, Дуала, Камерун) — камерундық және франциялық футболшы, "Шахтер" клубының қорғаушысы.

Карьерасы Абдель Камерунның Дуала қаласында дүниеге келген. Үш жасына отбасы Францияның Авиньон қаласына көшіп өтті. Карьерасын да франциялық клубтардан бастады.

2011-2015 жылдары Ресейдің "Шинник", "Ротор" клубтарында ойнады.

2016 жылы қаңтарда "Атырауға" ауысты.

2017 жылдың басында "Қайсармен" келісім шарт жасасты.

2020 жылдың қаңтар айында "Шахтер" клубына ауысты, 2021 жылдың басында Румынияның "Астра" клубына өтті. 2021 жылы 15 маусымда "Шахтерға" қайта оралды.

Жетістіктері

Қазақстан кубогының иегері: 2019

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі (footstat.ru)

Санат:Камерун футболшылары Санат:Франция футболшылары Санат:Гренобль ФК ойыншылары Санат:Шинник ФК ойыншылары Санат:Ротор ФК ойыншылары Санат:Атырау ФК ойыншылары Санат:Қайсар ФК ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Астра ФК ойыншылары