Ырғайты – Алакөл алабындағы өзен.
Географиялық орны Жетісу облысының Алакөл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 69 км (Көксуат саласымен), су жиналатын алабы 1220 км2.
Бастауы Жетісу Алатауының сілемі Тастауды солтүстік және оңтүстігінен қоршап ағатын Тастау және Көксуат өзендерінің қосылуынан пайда болады. Бастауы Жетісу Алатауындағы мұздықта. Таудан шыға бере Ырғайты болып аталатын өзен Алакөл мен Жалаңашкөлдің аралығындағы батпақтарға жетер алдында кең аумақты ысырынды конусын қалыптастырған.
Гидрологиясы Аңғары жоғарғы ағысында тар шатқалды, төменде 200-500 м-ге кеңейеді, жағасы тік жарлы, биіктігі 12 – 15 м. Жаз айларында тасиды, ағысы қатты. Көп жылдық орташа ағымы сағасы тұсында 8,38 м3/с. Алабы жайылым.Қазақ энциклопедиясы, 9 т.
Дереккөздер
Санат:Алакөл су алабы Санат:Алакөл ауданы өзендері