Файзулла Бейсенұлы Ордабаев (10 қараша 1966 жылhttp://footballfacts.ru/players/154705-urdabaev ) — қазақстандық футболшы, футбол жаттықтырушысы, шабуыл және жартылай қорғаныс шебінде ойнаған.

Карьерасы

Клубтық 1992 жылға дейін Өзбек КСР-інің түрлі клубтарында ойнады да, 1992 жылы Шымкенттің "Жігер" клубына қабылданып, Қазақстан азаматтығын алды.

Ұлттық құрама Қазақстан Ұлттық құрамасында екі кездесу өткізді. 1994 жылы 11 сәуірде Тәжікстанға қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты.

1997 жылы 6 маусымда ӘЧ-1998 іріктеуіндегі Иракка қарсы кездесуде соңғы рет алаңға шықты.

Бапкерлік 2004 жылы "Ордабасы" клубының бас бапкері қызметін атқарды. 2013 жылы "Астана-1964" клубының бас жаттықтырушысы болды.

2018 жылы "Оңтүстік Академия" командасының бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды.

Дереккөздер

Сілтемелер Файзулла Ордабаев "Оңтүстік Академияның" бас бапкері

Санат:КСРО футболшылары Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Қазақстан футбол жаттықтырушылары Санат:Жігер ФК ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Томирис ФК ойыншылары Санат:Ертіс ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:Түркістан ФК ойыншылары Санат:Ордабасы ФК жаттықтырушылары Санат:Жеңіс ФК жаттықтырушылары Санат:Пахтакор ФК ойыншылары Санат:Әндіжан ФК ойыншылары