Бодо Илльгнер (; 7 сәуір 1967 жылhttp://www.fussballdaten.de/spieler/illgnerbodo/, Кобленц, ГФР) — германиялық футболшы, қақпашы.

Карьерасы

Клубтық "Хардтберг" клубының түлегі. 1983 жылға дейін осы клубтың академиясында доп тепті.

1983 жылы "Кельнге" ауысты. Үш-төрт жыл бойы Харальд Шумахердің орнын басатын қақпашы ретінде қосалқы құрамда отырды.

1987 жылы "Кельннің" негізгі қақпашысына айналды, көп ұзамай ұлттық құрамаға да шақыртылды.

1996 жылы "Реал Мадрид" клубына ауысты.

2000 жылы Икер Касильяс мадридтік клубтың негізгі қақпашысына айналған соң Илльгнер қосалқы құрамда көп отырып қалды да, 2001 жылы карьерасын аяқтады.

Ұлттық құрама 1990 жылғы әлем чемпионатына негізгі қақпашы ретінде барып, әлем чемпионы атанды.

1992 жылғы Еуропа біріншілігінде де негізгі қақпашы болды, бұл жолы Германия күміс жүлдені қанағат тұтты.

1994 жылғы әлем чемпионатынан соң құрамадағы карьерасын аяқтады.

Жетістіктері

Командалық

Әлем чемпионы: 1990 Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 1992 Чемпиондар лигасы: 1998, 2000 Құрлықаралық кубок 1998 УЕФА кубогының финалисі: 1986 Испания чемпионы: 1997, 2001

Жеке

Еуропаның үздік қақпашысы: 1991 Германияның үздік қақпашысы: 1989, 1990, 1991, 1992

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Кельн ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары