Финн Вулфхард (; туылды: 23 желтоқсан 2002; Ванкувер, Британдық Колумбия, Канада) — канадалық актер. «Оғаш дүниелер» телехикаясындағы Майк Уиллер және «Ол» (2017) мен «Ол 2» (2019) қорқынышты фильмдеріндегі Ричи Тозиер рөлі үшін танымал.
Ерте өмірі Вулфхард Ванкуверде дүниеге келген; Оның француз, неміс және еврей тамыры бар. Оның үлкен ағасы Ник бар. 2016 жылдан бастап Ванкувердегі католик мектебінде оқидыhttps://www.vulture.com/2016/07/stranger-things-finn-wolfhard-on-kissing-scenes.html.
Мансабы Вулфхард өзінің алғашқы актерлік рөлін Крейглистта алдыhttps://www.dazeddigital.com/artsandculture/article/33767/1/finn-wolfhard-stranger-things. 2014 жылы ол «100» телехикаясында Зоран ретінде өзінің теледидарлық дебютін жасады және көп ұзамай «Табиғи емес» телехикаясының бір эпизодында Джорди Пинскиді ойнадыhttps://www.thestar.com/entertainment/television/2016/07/25/vancouvers-finn-wolfhard-loving-the-80s-in-stranger-things.html.
2016 жылы танымал Netflix сериалындағы «Оғаш дүниелер» Майк Уилердің рөлі арқасында ол әлемге әйгілі болдыhttps://deadline.com/2015/08/duffer-bros-netflix-series-stranger-things-young-cast-1201502552/. Ол ауырып, рөлге бейнежазба арқылы тыңдаудан өтіпті. Рөл оған АҚШ сериалдарының актерлер гильдиясы сыйлығын алып келді, оны Вулфард сериалдың қалған актерлерімен бөлістіhttps://ew.com/article/2016/12/14/2017-sag-awards-nominations/.
2017 жылдың күзінде «Ол» қорқынышты фильмінің премьерасы болды, онда Вулфард Ричи Тозердің рөлін ойнады . 2019 жылдың қыркүйегінде ол тағы да «Ол 2»-де осы рөліне оралдыhttps://www.thewrap.com/stephen-kings-it-release-date-set-by-warner-bros/https://www.nme.com/news/film/stranger-things-star-to-appear-in-remake-of-steph-874057.
2019 жылдың қаңтарында Netflix анимациялық сериясының премьерасы «Кармен Сандьего» болды, онда Вулфард басты кейіпкердің досы және серігі - Ойыншыны дауыстадыhttps://www.hollywoodreporter.com/live-feed/netflix-reboots-carmen-sandiego-gina-rodriguez-995072.
Сонымен қатар, Вулфард 2014 және 2016 жылдары канадалық PUP панк-рок тобының екі бейнебянында пайда болдыhttps://www.vice.com/en_ca/article/9bkg88/heres-a-very-brief-history-of-stranger-things-finn-wolfhard-starring-in-pup-videoshttps://www.vulture.com/2016/11/stranger-things-finn-wolfhard-pup-sleep-in-the-heat-video.html.
Гитарада ойнап, өзінің Calpurnia тобында өнер көрсетеді.
Фильмдер тізімі ЖылТүпнұсқа атауыРөлі2013Aftermathжас Чарльз2013The Resurrection2014The 100Зоран2015SupernaturalДжорджи Пински2016—2025Оғаш дүниелерМайк Уиллер2017Young Math Legendsжас Гаусс2017ОлРичи Тозиер2019Carmen SandiegoОйыншы2019The Goldfinchжас Борис2019The Addams FamilyПагзли Аддамс2019Ол: Екінші ТарауРичи Тозиер2020The TurningМайлз2020Ghostbusters: AfterlifeТревор Спенглер
Марапаттар мен номинациялар ЖылМарапатСанатЖұмысНәтиже2017АҚШ киноактерлерінің Гильдия ПремиясыДрамалық сериалдағы үздік актерлік құрам Оғаш дүниелер2018MTV Movie & TV Awards 2018Үздік экран тобыОл
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Канада актер балалары